Шымкентте мас жүргізуші көлігімен полиция қызметкерін сүйреп кетті

23 қаңтар, 2020 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Шымкентте мас жүргізуші көлігімен полиция қызметкерін сүйреп кетті Шымкент қаласында мас күйінде көлік айдаған азамат полиция қызметкерін қағып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz Жол-көлік апаты Т.Рысқұлов көшесінде болған. Алдымен Mitsubishi Galant және Audi-80 маркалы көліктері соқтығысқан. Оқиға орнына жеткен жол сақшысы Mitsubishi Galant автокөлігінің жүргізушісінен құжаттарын көрсетуді өтінген. Алайда ол құжаттарын көрсетуден бас тартып, ізін суытпақ болған.  Көліктің жүруін бөгеген полицейді қағып, оны 3 метр жерге дейін сүйреп кеткен. Құқық бұзушы сол мезетте ұсталды.