Harry Potter -ді қазақша сөйлеткен Раиса

Әлем әдебиетінің шыңында тұрған тың туындыларды қазақ тіліне аудару көп машақат пен қыруар қаражатты талап ететін іс екендігін көпшілік біле бермейді. Таныса отырыңыздар, мұндай салмағы зіл батпан жауапкершілікті арқалап, игі істі атқарып жүрген жанның бірі – Раиса Сайранқызы. Моңғолияда өсіп-өнген қандасымыздың атажұртқа қайтып оралғанына небәрі алты-ақ ай уақыт болса да, бітірген шаруасы қыруар, алға қойған мақсаты да орасан. Осы орайда, аударма ісін алға сүйреп, қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, күллі қазақ баласын әлем әдебиетімен сусындатуды діттеп жүрген отандасымызбен сұхбаттасқанды жөн көрдік.

– Раиса ханым, ел ішінде ау­дарма ісінің кенжелеп дамып келе жатқаны белгілі. Оның үстіне, бұл – зей­не­тінен гөрі бейнеті басым, кірісінен гөрі шы­ғы­ны көп жұмыс. Мұндай мех­натты істі қолға алуыңыз­ға не түрткі болды? Оның үстіне, маман­ды­ғыңыз қар­жыгер болса, неге сол салаға бет бұр­­­ма­дыңыз?

– Әлбетте, сіз айтқандай өз мамандығым бойынша қаржы саласына бас сұғып кетуіме бо­лар еді. Оның үстіне, осы са­ла бойынша оқыған қос дип­ломым да, тәжірибем де бар. Алайда маған бұйырғаны осы іс екен. Негізінен, аударма ісін қолға алуға итермелеген бірнеше себеп бар. Ең әуелгі себеп – өзім кітапты сүйіп оқи­мын. Кітап – бала кезімнен келе жатқан ең жақын досым. Кітап дүкендеріне кірсем болғаны, қай сөреге бірінші жақындарымды білмей, төбем көкке жетеді. Екіншіден, кі­тапты сүйсініп оқу қабілетін өзіммен қатар, балаларымның да бойына дарыта білдім. Кітапты балаларыммен жарыса оқимын. Кенже балам әлі кішкентай, сол себепті оған да түсінікті болу үшін әдейі дыбыс­тап қатты оқимын. Сон­дай-ақ балаларыммен кітап­тағы кейіпкерлердің рөлдерін бөлісіп аламыз. Мәселен, кітапта пойыз бейнеленсе, пойыздың дыбысын келтіремін немесе аю не қоян суреттелсе, ортаға секіріп шығамын да, сол аңдардың дауысын саламын. Бала әріп танитын жасқа келмесе де, иллюстра­ция­ның көмегімен оның көк­жиегін кеңейтіп, түсінік-та­нымын өзгертуге болады. Сосын тағы бір себеп –  бірнеше жыл бұрын Алматыға қыды­рып келгенімде балаларыма қазақтілді кітап сатып алмақ бо­лып, кітап дүкендерін ара­ла­дым. Қызық болғанда, сө­ре­ден балаларға арналған қа­зақ­тілді кітаптар таба алмай, ана­дан бір сұрап, мынадан бір сұрап, әлекке түскен жайым бар. Сол кезде бұл істі Алматыда да әрмен қарай дамыта тү­с­емін деген тоқтамға келдім.

– Демек, сіз ашқан Steppe&World баспасы Ал­ма­тыға көшіп келгеніңізге дейін істеп тұрған ғой?

– Иә, баспаның жұмыс іс­теп тұрғанына үш жылдың жү­зі болды. Мұны алғашында Ұлан-Баторда ашқанбыз. Айта ке­терлік жайт, аудармаларымыз тек Қазақстан ғана емес, Моң­ғолиядағы қазақтілді ор­таға да таралады. Мәселен, қазақ тіліне аударылған алғашқы туынды «Ақын қоян» сол елде шықты. Біз үшін тек ау­дарманың сапасы ғана маңыз­ды емес, сонымен қатар кі­таптың сыртқы келбеті де  жо­ғары дәрежеде болуы шарт. Сол себепті «Ақын қоянды» Гон­конг қаласында басып шы­ғарып, бірінші болып Моң­ғо­лия қазақтарының балаларына тараттық.

– Аудармаға кітаптарды іріктеу ісі қалай жүзеге аса­ды? Әлде белгілі бір ақыл­дас­тар алқасы бар ма?

– Жоқ, ешқандай да ақыл­дас­тар алқасы жоқ. Барлығын өзім таңдаймын. Ең әуелі әлем­дік рейтингке жүгінемін. Со­сын авторларына мән беремін. Мысалы, Эрик Карлдың «Қо­мағай жұлдызқұрт» туындысын әлем бойынша «Төрт жасқа дейінгі балаларға ар­нал­ған топ-10 кітап» рейтін­гісі­­нің ең жоғарғы орында тұрғаны үшін аудару қажет деп санадым. Ал «Ақын қоян» шы­ғармасының авторы бри­тан­дық жазушы Джулия Дона­льдсонды күллі әлем заманауи ба­лалар әдебиетінің «Шекспирі» деп таниды. Тағы сол Джулия Дональдсон жазған «Груффало» ертегісін Еуропа бала­ла­рының түгелі дерлік сүйсініп оқиды десем, артық айтқандық емес. Сол себепті Еуропаның да­мыған мемлекеттерінің ара­сынан іріктеп, ең жақсы, ең таңдаулысын әкеліп, аударт­қы­замын. Сондай-ақ мені кі­тап жәрмеңкелері мен көр­ме­леріне жиі шақырады. Мә­се­лен, өткен жылы Италияның Болонья қаласында жыл сайын өтетін балалар әдебие­тінің жәрмеңкесіне шақырту алдым. Мұнда жаңадан шық­қан кітаптармен танысып, өзіме керегін түртіп қайттым. Ең қызығы – сол жерде жоға­ры­да айтып өткен әйгілі бри­тан­дық жазушы Джулия Дональдсонмен кездестім. Ол кісінің көптен бері Алматыға келуді көздеп жүргендігі мені тіпті таңғалдырды. Сосын, әрине балаларымның қай кі­тапты ерекше ынтызарлықпен оқитынын сыртынан бақылап, зерттеп, түртіп отырамын, со­сын әлгі кітап туралы ақпарат жинастырамын. Мұндағы мақ­сат – тек менің ғана емес, күл­­­лі қазақ баласы оқысын де­ген тілек. Мұндай бәсі биік туын­дыны оқыған қазақ балалары үлкейгенде сондай таң­ға­жайып туынды жазатын шығар, кім білсін?! Қазіргідей қолыңды созсаң, қалағаныңа жетуге болатын заманда қазақ ба­лаларының қазақ әдебие­ті­мен қатар, әлем әдебиетінен де хабары болса екен деймін. Қа­зақ балаларына әлем әде­бие­тінің есігін ашқым келеді.

– Шетелдік авторлармен, баспалармен байланысты қалай орнатасыз?

– Жалпы, бүгінде баспа индустриясы керемет дамы­ған. Кітап аударамын деген кез келген адамға есік айқара ашық. Дей тұрғанмен, мұның өзін­дік шарттары бар, сол шарт­тар бойынша нарыққа ойын­шы болып кіресіз. Бар­лық шарттарын орындасаңыз, қолға алған ісіңіз де оңала түседі. Егер автор рұқсатын ал­ғанша шыдамай, шығарып қой­саңыз, жұртшылық мұны пла­гиат санап, айналып кел­ген­де зардабы өзіңізге тиетіні айт­паса да түсінікті. Біз бар­лық шарттар мен ұста­ным­дар­ды қатаң ұстанамыз. Негізі, ресми рұқсатты баспа үйлері­нен аламыз. Қолымыз жетіп жатса, автормен байланысамыз болмаса автордың агентіне шығамыз, сөйтіп екіжақты келісімшарт жасасамыз. Қа­зіргі таңда жалпы саны алты-жеті кітапты аударуға заңды түрде құқымыз бар.

– Сіздер аударған «Груф­фа­ло» туындысының же­лі­сі бойынша Алматы мек­теп­терінің бірінде қойы­лым көрсетілген екен. Аз уа­қыт ішінде оқушыларды бұл кітап осыншалықты сүйсіндіріп қана қоймай, мек­теп сахнасында қойы­лым қоюға қалай итер­ме­ле­діңіз?

– Иә, «Груффало» ертегі­сі­нің сахналанғанын көріп, бойымызды мақтаныш кернеді. Бұл негізінен қазақ тілінің жанашыры саналатын мектеп директорының қолдауымен жасалған іс. Оның үстіне, бұл ер­тегінің қазақша нұсқасын өте-мөте ұнатқан қазақ тілі пәнінің ұстаздарының да ең­бегі орасан. Олардың бұл ша­ра­ға белсенді атсалысып, оқу­шы­лармен қатар уайымдап жүр­генін байқап, жүрегім жібіп сала берді. Ал қойылым соңында көрермен болып келген оқушылар да, ата-аналар да түрегеліп тұрып қол­паш­­таған сәтте еңбегіміздің зая кетпейтіндігіне көзім жетті.

– Сіз тек әлем мойын­да­ған балалар әдебиетін қа­зақ тіліне аударуға ден қой­май, ересектер аудиториясын да қамтуға тырысудасыз. Талай киноға арқау болған бестселлер туынды «Анна Франктің күнделігі­нің» қазақ тіліндегі нұс­қа­сы жуырда ел ішіне тара­мақ. Бұдан бөлек, қоржын­да­рыңызда ересектерге ар­нал­ған тағы қандай туын­­­дылар бар?

– Айта кетерлігі, елге кел­ген­де әлемдік бестселлер саналатын «Анна Франктің күнде­лі­гін» оқымаған адамдар бар екендігін естіп-білгенімде таң­ғалғаным бар. Себебі Моң­ғо­лиядағы отандастарымыз бұл кітапты басынан аяғына дейін оқып, баяғыда-ақ «тауысып» тастаған. Сөйтіп, «кім ау­да­рады екен, кім бастайды екен?» деп күтіп отырғаннан гөрі, өзім бірінші болып бас­тайын деп шешіп, нәтижесінде ресми рұқсатпен аудару құқы­ғын иелендім. Алдағы аптада Нұр-Сұлтан қаласында атал­ған кітаптың тұсаукесері өт­пек. Бұл кітаптан бөлек, ал­да­ғы жылы кәсібін дөңгелеткісі ке­летін кәсіпкерлер үшін әй­гілі Гарвард мектебінде басылып шығатын Harvard Business Review журналының бірнеше сериялы мақалалары қазақ тіліне аударылады. Сонымен қатар мойнына мінген жалқау­лығын жеңіп, тау мен тас қо­па­рардай дәрежеге жеткізуді көздейтін кайдзен фило­со­фия­сы туралы кітап жарық кө­реді.

– Ақпан айында «Анна Фран­ктің күнделігінен» бө­лек, тағы бір әлем мойын­да­ған туынды «Гарри Поттер» оқырманға жол тарт­қа­лы отыр екен. Басқа кі­тап­­тарға қарағанда, бұл туын­дыға сұраныс әлде­қай­да көп шығар?

– Иә, қазірдің өзінде сұраныс өте көп. Әлеуметтік желідегі парақшаларымызға «Қайдан алсақ болады? Қалай қол жеткізсем болады?» деген сыңайлы пікірлерді қаптата жазу үстінде. Негізі, бұл бестселлерді маған дейін де  үзіп-үзіп аударған әуесқойлар бар екен, бірақ көбінде орыс тілінен тәржімалапты. Десек те, ресми түрде түпнұсқадан аударған алғашқы баспа болып есептелеміз.

80763336 10156949961421814 9069325991037370368 o

– Биыл балаларға арнал­ған тағы қандай кітаптарды қазақшаға аударуды көз­д­еп отырсыз?

– Биыл америкалық жазушы Джеф Киннидің балаларға арналған Diary of a Wimpy kid (Әлсіз балақайдың күнделігі) атты кітабын қазақ­шаға аудармақ ниеттеміз. Күлкілі комикстерден құрал­ған бұл кітап телефонға телміріп отыратын балақай­дың көңіліп аулап, қызығушы­лығын арттырады деген сенімдеміз. Сонымен қатар атақты британдық жазушы Роальд Да­льдың Charlie and the Chocolate Factory (Чарли жә­не шоколад фабрикасы) және Matilda (Матильда) атты шы­ғар­малары қазақ тіліне аударылады.

– Жоғарыда «көпшілігі мені әлі танымайды» деп ай­­­тып қалдыңыз. Осы орай­­­да өзіңізді кітапқұмар оқырманға кеңінен таныс­тыра отырсаңыз.

– Ұлан-Батордың тумасымын. Онда 4 жасыма дейін тұ­рып, кейіннен отбасыммен Мы­сыр еліне көшіп кеттік. Әкем көп жыл қатарынан Моңғолия елінің атынан Мысырда, Кувейтте және Таяу Шығыста дипломатиялық қыз­мет атқарғандықтан, өмі­рім­нің жартысынан көп бө­лі­гін шетелде өткізуге тура келді. Анам – қазақ тілінің маманы. Осы Алматыдағы ҚазҰУ-ды бі­тірген. Содан болса керек, қан­ша шетелде жүрсек те, от­ба­сында тек қазақ тілінде сөй­лесетінбіз, қазір де солай. Мысыр елінде елшілік жанын­дағы орыстілді орта мектепті бітірдім, сосын сол елдің университетіне оқуға түстім. Кейіннен Англияда магистратура бойынша білім алдым. Бертін келе біраз жыл Германияда тұр­дым. Сосын жолдасыммен ақыл­даса келе Алматыға кө­шу­ді құп көрдік. Жолдасым де­мекші, ол кісінің мамандығы –  математик, сонымен қатар, ғы­лыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді әрі кәсіппен айналысады. Жолдасымның өз кәсібі, өз жұмысы болса да, ары-бері жүр­генде балаларымыз өсіп қал­ғандығын ескеріп, ата­жұр­тына келіп тұрып көрсін, түп тамырын білсін, дінін-ділін да­мытсын деген мақсатта елге оралған жайымыз бар. Жай ора­лып қана қоймай, байқап отырғаныңыздай, ісімізді де да­мытуды көздеп отырмыз.

– Елде еңбек етіп жат­қан аз уақыттың ішінде ісіңіз­ге тосқауыл болған әл­де­бір мәселелер туындады ма?

– Алғашында неден бастарымды білмей дал болып жүр­генім бар. Ара-тұра бюрокра­тияға жол берілген кездерді де бай­қадым. Негізінен, терминология жағынан біраз қиын­дық­тар туындады. Алайда ко­ман­дамдағы кәсіби аудармашылар амал-айласын тауып, реттеп, түзеп жатыр. Негізі, елде жақсы адамдар көп екен, барлығы жан-жақтан көмек­тесіп жатыр. Қазақ тілі десе ішкен асын жерге қоятын аудармашы, редактор, корректор, дизайнердің барлығы дер­лік шыр-пыр етіп, жүгіріп жүр. Сосын тағы бір байқа­ға­ным – халық бір вакуумның ішінде қалып қойған секілді. Халық дереккөзі Ресейден шығатын ақпараттың ортасында өмір сүргенді ұнатады екен. «Бұл кітаптың орыс ті­лін­дегі нұсқасы бар, қазақ­ша­сынан не пайда?» деген секілді пікірлерді де естідім. Орысшасын оқып қойса, қазақшасын тағы бір оқысын. Қазақша оқы­са, мүлде бөлек әрі ерекше сезім туындайтыны хақ. Қарап отырсаңыз, орыс халқы әлем­нің барлық туындыларын өз тіліне аударып алған. Шама-шар­қымыз жетіп тұрса, бізге де неге аудармасқа? Орыс тілін қаладағылар түсінер, ал алыс­тағы ауылдың шетіне шық­саңыз, орыс тілін білмейтіндер саны өте көп. Сол себепті оларға да әлем әдебиетінің бір үзігімен танысып, тыныстауға мүмкіндік беру қажет-ақ.

– Өзіңіз айтып өткен­дей, кітап оқуда өз тілін менсінбей, орыс тілін алға тар­татын қандастарыңызға не айтасыз?

– Шіркін, біздің тіліміз – өте бай, өте әдемі, өте икемді ғой. Сондай керемет тілімізді мақтан тұтқанға не жетсін?! Қазақ тілінің беделін арттыра түсіңіздер! Қазақтілді кітапты жерасты қылмаңыздар, оқып жүріңіздер, бөлісіп жүріңіздер, мейлінше бір-біріңізге айта жүріңіздер!

 

Сұхбаттасқан Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ

 

Редакция таңдауы

Мемлекет басшысы Моңғолияның жаңадан сайланған президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хүрэлсүхтің Моңғолия Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Akorda.kz. “Ciздi Моңғолияның Президенті лауазымына сайлануыңызбен Қазақстан халқының және...

Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ-да TÚRKISTAN газеті жинағының таныстырылымы өтті

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде TÚRKISTAN газеті жинағының таныстырылымы өтті. Биыл Халықаралық қазақ-түрік университетінің 30 жылдық мерейтойы. Айтулы дата қарсаңында...

Түркістан іргесіндегі іргелі бақ түркі жұртының ырысты мекеніне айнала ма?

Түркістанның іргесіндегі Ескі Ихан ауылы – ежелден алма бағымен даңқы алысқа кетіп жатқан құтты ме­кен. Қазір бағбандардың алма, алша, жү­зім, өрік, алмұрт бағы жеміс...

Бағы жанған Бьернсон

Әрине, бүгінгі күннің көзқарасы тұрғысынан қарап Нобель сыйлығының үшінші лауреаты норвегтердің ұлттық мақтанышына айналған суреткері Бьернстано Бьернсонның шығармашылығына түрлі баға беруге қақымыз бар. Иә,...
Моңғолия

Мемлекет басшысы Моңғолияның жаңадан сайланған президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хүрэлсүхтің Моңғолия Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау...
199091592 3959947484053432 9137187900253977843 n

Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ-да TÚRKISTAN газеті жинағының таныстырылымы өтті

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде TÚRKISTAN газеті жинағының...
bau baksha01

Түркістан іргесіндегі іргелі бақ түркі жұртының ырысты мекеніне айнала ма?

Түркістанның іргесіндегі Ескі Ихан ауылы – ежелден алма бағымен даңқы алысқа кетіп...

Жаңалықтар

Елбасы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен «Лукойл» компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады, – деп хабарлады elbasy.kz. Кездесуде мұнай-газ саласындағы...

Қаскелең Алматыға қосыла ма?

Алматы қаласы Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов оңтүстік мегаполисті дамыту жоспары туралы айтты. Tengrinews.kz сайтының жазуынша, сәулетші Қаскелең қаласының Алматының құрамына кіруі және осы...

Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін екі әкім қызметінен кетті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында жүргізілген тексерістен кейін екі ауданның әкімі қызметінен босатылды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли...

LRT ісі: сотталушылардың адвокаттары мәлімдеме жасады

«Астана LRT» ісі бойынша сотталушылардың адвокаттары бірінші инстанциядағы соттың үкімімен келіспейтінін және апелляциялық шағым беретінін мәлімдеді, – деп жазды Tengrinews.kz. Жанат Нұрпейісов, Ұлықбек Ачилов пен Дәурен...

Алматы облысы: 4 оқушыны көлігімен қаққан мас жүргізуші 10 жылға сотталды

Еңбекшіқазақ ауданында болған жантүршігерлік оқиға салдарынан 9-10 жастағы екі қыз бала ауруханада көз жұмған болатын. Еңбекшіқазақ ауданындық сотының судьясы Айнұр Балтақай үкімді оқыды. Еңбекшіқазақ...

Петропавлда көшеде жалғыз жүрген екі жасар баланың туыстары іздестірілуде

Петропавлда полицейлер мен волонтерлер шамамен екі жастағы баланың туыстарын іздестіруде, – деп хабарлайды Polisia.kz. Шамамен екі жастағы балақайды кешкі сегіздерде Жұмысшы кентінен тауып алған....

Ауыл шаруашылығы министрлігіне қатысты тергеу басталды

  Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құс фабрикаларының өтініштерін қарау қорытындылары бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігіне қатысты мемлекеттік органның бәсекелестікке қарсы іс-қимыл белгілері бойынша тергеуді бастады. ҚР...

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды

2021 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жариялады. Байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және...

Dragon әскери атағын жеңіп алған Даниядағы қазақ қызы

Ләйла Аюби Данияда тұрады. Ұлты – қазақ. Хольстебро қаласындағы «Ютландия айдаһар полкінің» курсант-сарбазы. Даниядағы әскери адамдарға берілетін «Айдаһар»  атағын алған жас маман. Бала күнімнен...

Жанболат Мамайдың жақтастары Azattyq Rýhy тілшісіне жұдырық ала жүгірді (видео)

Жанболат Мамай мен оның жақтастары Azattyq Rýhy ақпараттық агенттігінің тілшісіне жұдырық ала жүгірді. Бұл оқиға қоғам белсендісі өткізген баспасөз конференциясында орын алды. Баспасөз жиынына келген...

Жамбыл облысының тұрғыны құмда жылыжай салып, қияр өсіруде

Жамбыл облысындағы ең шалғай Мойынқұм ауданының тұрғыны Исағали Жұмағанбетов жылыжай салып, кәсіптің жаңа түріне ден қойды. Ол, ауа райы ыстық, жер қыртысы шөлейіт пен...

Мораторийге қарамастан кәсіпкерлік субъектілерін заңсыз тексерген

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде профилактикалық бақылау мен қадағалауды шағын кәсіпкерлікті тексеру жүргізуге мораторий енгізілді. Ел Президенті бұл туралы Жарлыққа 2019 жылдың 26 желтоқсанында...

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы қызметіне белгілі журналист Жанжігіт Омархан тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Жанжігіт Омархан Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің...

Тоқаевтың тапсырмасымен жүргізілген тексерістен соң екі әкім қызметінен кетіп, бес әкім ескерту алды

Мемлекет басшысы биылғы 24 мамырда «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Заложники равнодушия» атты мақалада көтерілген мәселе бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берген еді. Мақалада Солтүстік...

Маймыл үшін оқ атқан: Түркістан облысында маймыл иесі жауапқа тартылмақ

Түркістан облысында көлігіне маймыл салып алып жүрген азамат жауапқа тартылуы мүмкін. Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде, «Instagram» парақшаларының бірінде жол жиегіндегі электр...

Ашық аспан астындағы кітапхана

Байқоңыр ауданы әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының бірлесіп, Қаламгерлер аллеясында «Ашық аспан астындағы кітапхана» шарасын өткізді. Қаламгерлердің оқырмандармен кездесу кешін халықаралық «Алаш»...

Бас санитар қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитар дәрігері - Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Ерлан Қиясов азаматтарды коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға шақырды. «Вакциналау деңгейі өте төмен елдерде вирус...

Шетелдік азаматтар мен этникалық қазақтардың заңдық статусы нақты белгіленуі қажет

Өткен айда Қазақстандағы шетел азаматтары ел аумағында жүріп-тұру құқығын байланысты  Қазақстан ҰҚК Шекара қызметінің шекаралық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұңдаш Моллашев мәлімдеме жасаған болатын. –...

«Мектеп бітірмей жатып қылмыскер болып шықты». Түлектердің орнына ҰБТ-ға кірмек болған студенттер анықталды

ҰБТ-да төрт түлектің орнына кірмек болған ЖОО студенттері ұсталды. «Әділдік жолы» атты республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов жалған құжат жасаған түлектер мен...

150 түп ағашты кесуге рұқсат берген әкімдік қызметкерлері қандай жаза арқалайды?

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Алматы облысы Іле ауданында 150 ағашты кесуге рұқсат берген әкімдік қызметкерлері туралы мәселе көтерілді. «Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің жауапты...

Мемлекет басшысы «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президентін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады, – деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. Мемлекет басшысына мұнай компаниясының Қазақстандағы қазіргі жүргізіп...

Мәулен Әшімбаев Түркия елшісін қабылдады

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Түркияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Екиджиді қабылдады, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі. Кездесу барысында тараптар сауда, экономика,...

82 млрд теңгеге 2 млрд тал егіледі – Экология министрлігі

2025 жылға дейін ел аумағында 2 млрд тал егу жоспарланған. Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекованың айтуынша, бұл іске бюджеттен жалпы жиыны...

Қазақстанның вакцина паспорты қай елдерде жарамды?

Қазір Қазақстанның вакцина паспорты 3 елге турист ретінде кіруге жарамды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков орталық коммуникациялар қызметінде өткен...

Машина жасаушылар одағының төрағасы Президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Мейрам Пішембаев Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан машина жасаушылар одағы. "Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан машина жасаушылар одағының...

Әбілхан Қастеевтің немересі: Атамның туындыларымен менде тылсым паралель бар

Ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бірі, қылқалам шебері Әбілхан Қастеевті бүгін ұрпағы ерекше сағынышпен еске алды.Шығармашылық қадамын су бояуымен бастаған суретшінің әр картинасынан ұлттың үні, болмысы...

Қаржы саласындағы барлық қызмет электронды форматқа көшірілмек

Барлық қызмет түрі электронды форматқа көшіріледі. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ведомствоның құрылымына тоқталсам, қазір Қаржы министрлігінің штат саны -...

Премьер-Министр құрылыс қалдықтарына арналған полигондар салуды тапсырды

Премьер-Министр Асқар Мамин құрылыс қалдықтарына арналған полигондар салуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Өңірлерде рұқсатсыз қоқыс үйінділерінің, соның ішінде, құрылыс қоқыстарының пайда болу себептерінің бірі –...

«Үздік аттестатты саудалаған». Шымкентте былтыр істі болған директор қайтадан бұрынғы қызметіне тағайындалды

Шымкентте №125 мектепте бір жыл бұрын сыбайлас жемқорлық бойынша үстінен іс қозғалған директор бұрынғы қызметіне тағайындалған, деп хабарлайды informburo. Ата-аналар мен мұғалімдердің айтуынша, оқушылар мен...

«Соғыспайтынымызға кім кепіл?» – Лукашенко халыққа жаппай қару қолдануды үйретуді тапсырды

Беларусь Президенті Александр Лукашенко ел халқын қару-жарақ қолдану дағдыларына үйрету керек деп санайды. Ол мұны студенттерден бастаған жөн екенін айтты. Лукашенко өзінің бастамасын "әлем...

Үндістанда муссон нөсерінің салдарынан көліктер жер астына кетіп жатыр (видео)

Үндістанда толассыз жауған муссон нөсерінің салдарынан көліктер жер астына кетіп жатыр. Бұл туралы India Today жазады. Оқиға 13 маусымда Гаткопар ауданында болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша,...

Шетел блогерлерін шақыруға 26 миллион бөлінген – Алматы әкімдігі себебін түсіндірді

Алматы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров әкімдіктің шетел блогерлерінің келуіне 26 миллион теңге бөлу туралы шешімін түсіндірді. Бұл туралы Orda.kz хабарлады. Өсеров мұны аймақтың туризміне инвестиция деп...

Өткен тәулікте 757 адамнан коронавирус анықталды

Елімізде өткен тәулікте 757 адамнан коронавирус анықталды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 181, Алматы қаласы - 65, Шымкент қаласы - 4, Ақмола облысы - 36,...

Новосібірде жарылыс болды: Зардап шеккендер бар

Новосібірде газ құятын станцияда жарылыс болды. Зардап шеккендердің саны 35 адамға жетті. Бұл туралы ТАСС Төтенше жағдайлар қызметі хабарлады. "Барлығы 35 адам зардап шекті, олардың 20-сын...

Атырауда жоғалған төрт бала табылды

Атырауда жоғалған балаларды  Ұлттық ұланның сарбаздары тауып, ата-аналарына табыстады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. 13 маусым күні сағат 22:30-да Атырау қалалық Жедел басқару орталығына екі баланың анасы...

15 маусымда тарихта қалған қандай оқиғалар болды?

1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Үндістан Республикасында Қазақстан Елшілігі ашылды. 1996 жылы Абай шығармаларының жинағы Иранда парсы тілінде басылып шықты. 1996 жылы Қазақстан...

17 жастағы қазақстандық боксшы әлемдік рейтингте Жәнібек пен Батырдан асып түсті

Жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Еркебұлан Баққожа (3-0, 2 КО) Box.Rec тұжырымынша ең мықты проспект атанды. Ол үш жекпе-жектен кейін-ақ ең үздік бес боксшының тізіміне...

Петропавлда қызын өлгенше сабаған әйелдің ісі бойынша сот отырысы басталды

Петропавлда қызын өлгенше сабаған әйелге қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. СҚО-ның кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында халық арасында резонанс тудырған...

Еліміздегі су тапшылығы мәселесін шешуге Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан көмектеспек

Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан биылғы жазда елімізге қосымша 645 миллион текше метр су жібереді. Бұл оңтүстік аймақтардағы су тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі. Бұл туралы...

Министр Серік Шәпкенов наразылық білдіре келген көпбалалы аналармен неге жүздеспейтінін айтты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов митингіге шығатын көпбалалы аналармен неге жүздеспейтінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Иә, министрліктің алдына азаматтар келеді, өздерінің...

«Посткеңестік елдердің ішінде қазақстандық сот жүйесі үздіктер қатарында» – шетелдік маман

Маусым айының бас кезінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары үшін алғаш рет брифинг өткізді. Осы кездесуде «бірегей» деген сөз...

Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрғандар бас бостандығынан айырылды

Ақтөбеде жалған акция сатқан қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды, деп хабарлайды Orda.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасай отырып. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар өздерін «Unique finance» шетелдік компаниясының өкілдері...

«39 әйел, 89 бала және 36 немересі қалды». Әлемдегі ең үлкен отбасының отағасы қайтыс болды

Үндістанның Мизорам штатындағы әлемдегі ең үлкен отбасының отағасы, 76 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы штаттың Бас министрі Twitter-дегі парақшасында хабарлады. Зиона...

«Тура боевик фильмдегідей»: Ақтауда газель жарылды (видео)

Жеңіл автокөлік үздіксіз ағылып жататын Ақтау – Таушық тас жолында "Газель" отқа оранды. Куәгерлер бұл оқиғаны видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіге жариялады. Өрт сөндірушілер келгенге...

БҒМ: 2021 жылы студенттердің шәкіртақысы 20 пайызға артады

2021 жылы студенттердің шәкіртақысы 20 пайызға артады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі facebook-тегі парақшасында хабарлады. Биыл грантқа түсуді жоспарлап отырған немесе мемлекет есебінен жоғары...

Даниал Ахметов өзіне қысым көрсетіліп жатқанын айтты

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей кәсіпкерлерінің шағымына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды sputnik.kz. "Бұл билікке және маған қысым көрсету арқылы негізсіз субсидия бөлуге...

40 градустық аптап ыстық болады – синоптиктердің болжамы

Еліміздің кей аймақтарында 40 градустық аптап ыстық болады. Қазгидромет синоптиктері 15-17 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронталды бөліктердің...

Әр балаға 42 500 теңге жәрдемақы төлене ме? – Министр пікір айтты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов есеп беру кездесуінде әр балаға 42 500 теңгеден төлеу туралы сұрақ кейінгі кезде жиі қойылып жүргенін...

Жаңа оқу жылында оқушылардың демалысы қысқаруы мүмкін

Білім және ғылым министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және демалысын бекіту туралы бұйрықтың жобасын талқылауға шығарды, деп хабарлайды zakon.kz. Жобаға...

Еліміздің 6 өңірінде қоқыс өртейтін зауыт салынады

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев халық алдындағы есептік кездесуінде айтты. «Түзілетін қалдықтардың көлемін қысқарту үшін «Waste to Energy» қалдықтарды энергетикалық...

«Кешір, анашым… Әр күнім азапқа толы болды»: өзіне қол жұмсаған бойжеткен анасы хат қалдырған

Москва-Сити тұрғын үй кешенінің 86 қабатынан құлап, мерт болған Қазақстанның тумасы Диана Белорукова VK әлеуметтік желісінде өлер алдында өзінің жағдайын айтып, анасымен қоштасқан.  Бойжеткен небәрі...

Коронавирусқа қарсы вакцинаның 60 миллион дозасы жойылады. Неліктен?

АҚШ-тағы Азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасы (FDA) америкалық Johnson & Johnson коронавирусқа қарcы вакцина өндірушісінің Балтимор зауытындағы қателігіне байланысты препараттың 60 миллион дозасын жою керегін...

Шетелдік оқу орындарындағы қазақ тілін оқыту жоғары мәртебеге ие

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Шетелдік оқу орындарындағы қазақ тілін оқыту мен қандастарымыздың ана тілінде білім алуы» тақырыбында онлайн конференция өтті. ⠀ Шараның негізгі мақсаты - шетелдегі...

Матч кезінде жүрегі тоқтап құлаған футболист жағдайын айтты

Еуропа чемпионатының матчінде жүрегі тоқтап құлаған 29 жастағы ойыншысы Кристиан Эриксен жағдайы туралы айтты, – деп жазды «Чемпионат» басылымы. «Бәріне рақмет, мен берілмеймін. Қазір жағдайым...

Алматыда полицей көлігі жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды

Қайғылы оқиға 14 маусым таңғы 7:00 шамасында болған. Алатау ауданында «Хюндай элантра» маркалы қызметтік көлігінің жүргізушісі Өтемісұлы көшесімен жүріп келе жатып маневр жасаған көліктен...

COVID-19: Вакцинаның бірінші дозасын алып, ауырып қалсаңыз не істеу қажет?

№12 қалалық емхананың эпидемиологы Данара Укиеваның айтуынша, вакцинаның бірінші дозасын алған науқас ауырып қалса, екіншісін салдыру үшін алты ай күту қажет. «Егер антиденелер саны...

Коронавирус: «қызыл» аймақта бір өңір қалды

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2021 жылғы 14 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады....

Атырауда халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, Атырау қаласының көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады. Ол қалада уақытша тұру үшін тіркелгісі келген....

Өткен тәулікте мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 967 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 215, Алматы қаласы - 96, Шымкент қаласы -...

14 маусым: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі

1995 жылы Алматыда Ғалымдар үйінде Қаныш Сәтбаев атындағы халықаралық қордың ашылу салтанаты болды. Қор президенті болып ақын Кәкімбек Салықов сайланды. 2007 жылы Сырым Датұлының...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

14 маусым күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен құбылмалы ауа райы сақталады: кей жерлерде найзағай, жаңбыр, бұршақ күтіледі. Еліміздің тек солтүстігі...

Венгрия, Таиланд және Моңғолия азаматтары Қазақстанға емін-еркін кіре алады

Бүгіннен бастап Венгрия, Таиланд пен Моңғолияда вакцина алғандар Қазақстанға емін-еркін кіре алады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, “Қазақстан Республикасының аумағында Венгрия, Таиландия...

Қазақстан мұсылмандары қажылыққа бара ала ма?

Биыл Сауд Арабиясында тұратын 60 мың мұсылман ғана қажылық жасай алады, деп хабарлайды РИА Новости корольдіктің қажылық және умра істері министрлігінің өкіліне сілтеме жасап. "Қажылық және умра...

Қазақстанның құрметті құрылысшысы Ұзақбай Мамин дүниеден өтті

Премьер-Министр Асқар Маминнің әкесі, Еңбек ардагері, Қазақстанның құрметті құрылысшысы және Ақмола облысының құрметті азаматы Ұзақбай Жапарұлы Мамин дүниеден өтті, - деп хабарлайды Sputnik.kz. Ұзақбай Мамин...

EURO-2020: Англия құрамасы турнирді жеңіспен бастады

Англия құрамасы футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде әлемнің вице-чемпионы Хорватиядан басым түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Лондондағы "Уэмбли" стадионында өткен матчтің 6-минутында ағылшындар есеп ашуға жақын...

Мемлекет басшысы Моңғолияның жаңадан сайланған президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хүрэлсүхтің Моңғолия Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Akorda.kz. “Ciздi Моңғолияның Президенті лауазымына сайлануыңызбен Қазақстан халқының және...

Еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер Шығыс және Батыс Қазақстан облыстары, Ақмола, Түркістан, Маңғыстау және Ақтөбе аймағында найзағай ойнайды деп болжап отыр. Ал Қызылордада шаңды дауыл көтеріледі. Сондай-ақ бұл аймақта...

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 14 адам қайтыс болды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмониядан өткен тәулікте қайтыс болған адамдар туралы мәлімет таратты. Қазақстанда 13 маусымдағы жағдай бойынша, бір тәулікте 14 адам...

Димаш Денис Тенді еске алды: «Ұйқың тыныш болсын, менің аңыз досым!»

Бүгін қазақстандық атақты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің туған күні. Димаш Құдайберген осы күнге орай Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында марқұм спортшы жайлы жазды. «Бүгін біздің...

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан 528 науқастың жағдайы ауыр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды. Елімізде коронавирус инфекциясынан 21 413 адам (20 281 КВИ+ және 1132 КВИ-) емделуде, олардың...

Кадрлық ауыс-түйіс: Қазақстанда апта ішінде болған тағайындаулар

Осы аптада,  7-13 маусым аралығында еліміздің Жоғарғы сотында, министрліктерде және өңірлерде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат. Апта басында Денис Шипп Қазақстан Республикасы...

Ғарышқа ұшу билеті аукционда 28 млн. долларға сатылды

Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безоспен бірге ғарышқа ұшу билеті 28 миллион долларға сатылды, деп жазды ҚазАқпарат. Бәссаудаға қатысуға 159 елден 7600-ге жуық адам...

Астананың екі тұрғыны көшеде әйелдердің алқасын жұлып әкетіп отырған

Нұр-Сұлтан қаласының тәртіп сақшылары бірнеше мәрте ұрлық жасаған екі ер адамды ұстады. Олар кешкі уақытта әйелдерді аңдып, алтын алқаларын жұлып әкетіп отырған, деп хабарлайды...

Түркістан облысында жоғалған туристер: тағы бір адамның мәйіті табылды

Түркістан облысында жоғалған туристердің бірінің мәйіті Сайрам-Өгем шатқалынан табылды. «2021 жылғы 12 маусымда Өгем өзені көпірінің сол жағынан Азартеке жотасына дейінгі бағытты тексеру барысында Республикалық...

Мөлдір Жаңбырбай Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды

Каратеден Қазақстан құрамасының мүшесі Мөлдір Жаңбырбай ел қоржынына кезекті жолдаманы салды,– деп хабарлайды Olympic.kz. Ол Парижде өтіп жатқан лицензиялық додада күміс жүлдегер атанды. 55 келіге...

Жыл басынан бері Қазақстанда қылмыс 2,5 пайызға азайды – министр

Жыл басынан бері елдегі қылмыс 2,5 пайызға азайды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.  – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының нақты тапсырмасы бар. Әрбір...

Қарағанды облысында шетел азаматының телефонын тартып алған күдікті ұсталды

Қарағанды облысында шетелдіктің телефонын тартып алған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 10 маусым күні Қарағанды облысы, Саран қалалық полиция бөліміне қаладағы көп қабатты...

2021 жылы білім беру гранттарының саны 5 мыңға артады

2021 жылы білім беру гранттарының саны 5 мыңға артады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Білім және ғылым...

Министр боксшыларға: Қазақ бокс мектебі әлем мойындаған мықтылар ордасы екенін тағы да паш еттіңіздер

Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова 21-31 мамыр аралығында Біріккен Араб Əмірлігінің Дубай қаласында өткен бокстан Азия чемпионатында жеңіске жеткен жəне жүлдегер...

Шымкент тұрғыны 5 миллион теңгеге 380 тонна күріш алып, ақшасын төлемей кеткен

Шымкентте алаяқ тұрғынның бес миллион теңгеге күрішін иемденіп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған....

Қазақстанда бір тәулік ішінде 1118 адам вирус жұқтырды

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1118 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 400 214-ке жетті. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласы - 286, Алматы қаласы...

Елімізде электросамокатпен жүруге шектеу қойылуы мүмкін

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 11 маусымда халыққа есеп беру жиынында елде электросамокатпен жүруге шектеу қойылуы мүмкін екенін айтты. «Жол қозғалысы туралы заңда самокат...

Биыл студенттердің, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы өседі – министр

2021 жылы студенттердің шәкіртақысы 20 пайызға, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15 пайызға өседі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте...

Біз мектеп түлектерінің тілектеріне түсіністікпен қарадық – Асхат Аймағамбетов

Еліміздің 11-сынып түлектеріне арналған аттестаттарды тапсыру салтанаты 12-14 маусым аралығында өтеді. Іс-шара ашық алаңда өткізіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің...

Енді автобус жолақтары кептеліс кезінде ғана қоғамдық көлікке арналады

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан жолдарындағы Bus lane жолақтарының қалай жұмыс істейтінін айтты. Ол бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында баяндады. «Кейбір көшелерде...

Аймағамбетов күзде мектептер ашылады деп үміттенеді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында мектептерді ашу жөнінде пікір білдірді. Бұл жөнінде ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты. «Ең...

Демалыс күндері ауа райы қандай болады – Қазгидромет

Қазақстанда демалыс күндері күн суытады. «Қазгидромет» синоптиктері 12-14 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Метеорологтардың айтуынша, Қазақстанның оңтүстік аймақтарында жылы және құрғақ ауа массалары ауа...

Машинист жағымсыз иіс сезген: Алматыда теміржол маңынан ер адамның мәйіті табылды

Түрксіб ауданында теміржол маңынан ер адамның мәйіті табылды. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Локомотив машинисі жағымсыз иіске шағымданған. «Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бұталардың арасынан ер...

Түркістан облысында жоғалған туристерді іздеу жұмысы: ТЖМ жаңа мәлімет берді

Кинологиялық есепті қоса алғанда 10 адамнан тұратын республикалық жедел-құтқару жасағының (РЖҚЖ) жеке құрамы, Түркістан облысының тауларында іздестіру-құтқару жұмысын жалғастыруда. 10 маусым күні Өгем арнасының бойындағы...

Хабарсыз кетіп, қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің сүйегі туыстарына тапсырылды

Елордадағы Қазақстан Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Ұлы Отан соғысындағы ұрыс алаңдарында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің туыстарының қатысуымен іс-шара өтті. Іздестіру топтарының жұмысының арқасында...

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі: Алматы бойынша жаңа басшы тағайындалды

Мұрат Ахметов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды. Жаңа басшыны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат...

Илон Маск Қазақстанға сәлем жолдады

Tesla және SpaceX компанияларының басшысы америкалық миллиардер Илон Маск Қазақстанға сәлем жолдады. Видеоны бизнесмен, блогер Бейбіт Әлібеков Telegram-арнасында жариялады. Илон Маск Tesla Motors қызмет көрсету...

«Грузия полициясымен тығыз байланыстамыз» – министр Әсел Айтпаеваның өлімі туралы

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 26 жастағы Әсел Айтпаеваның Грузияда қаза болуы жөнінде пікір білдірді. «Осы қылмыстық іс бойынша бізде бірқатар тергеу жұмысы жүргізіліп,...

«Ештеңе айта алмаймын»: министр Аяжан Еділованың өліміне қатысты пікір білдіре алмады

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев алматылық 19 жастағы Аяжан Еділованың өліміне қатысты пікір білдірді. «Бұл тергеудің егжей-тегжейін айта алмаймын, себебі іс Алматы қаласының арнайы прокурорларының...

«Жұлдызбен бір сахнада» жобасының жаңа концерті өтті

«Жұлдызбен бір сахнада» атты жаңа жобаның үшінші концертін «Qazaq Quintet» өнер ұжымы ұсынды. Қазақконцерттің 60-шы мерейтойлық маусымына арналған бұл концерт көрермен қауымның зор ықыласына...

Полицейлер жаңа форма киеді – министр

Жыл соңына қарай Қазақстандағы патрульдік полицейлер мен учаскелік инспекторлар жаңа формаға ауысады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты. «Жыл соңында көшеде қызмет...

Хабиб Нурмагомедов Алматыға келеді

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Алматыға келеді. Ол аралас жекпе-жектен өтетін халықаралық турнирдің қонағы болады. Іс-шара 18 маусымда «Almaty Arena» кешенінде өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде Шамиль...

Әлем картасында бесінші мұхит пайда болады

Ұлттық географиялық қоғам Атлант, Тынық, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттардан кейінгі бесінші жаһандық мұхит – Оңтүстік мұхитты ресми түрде жариялады, деп хабарлайды National Geographic. Бұл...

Бір адам мерт болды: жамбылдық азамат өзіне оқ атқандарды көлігімен қуған

Жамбыл облысында ер адам өзіне оқ атқандардың артынан көлікпен қуып, жол апатын жасады. Бір адам қаза болды. 9 маусым күні кешке Меркі аудандық полиция бөліміне...

Түркістан облысында көшеде қару ұстап жүрген ер адам ұсталды

Түркістан облысында көшеде жүрген ер адамнан қару табылды. Оқиға Келес ауданында болған. Аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі Рамазан Шалқар «Қару» рейді аясындағы кезекшілігі барысында автотұрақтардың...