Бас прокуратура Бақауовтың ісіне қатысты мәлімдеме жасады
Бас прокуратура Бақауовтың ісіне қатысты мәлімдеме жасады
ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов қамауға алынған Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовқа қатысты түсінік берді.
"Прокуратураның өкілеттігі конституция аясында көрсетілген. Сондықтан барлығы да заңмен реттелген. Сотта прокурор өзінің қорытындысын жариялады. Сол қорытындыға сәйкес тергеу соты ол күдіктіні екі ай қамау мерзіміне алды. Тергеу жұмыстарын бақылап отырмыз", - деді Марат Ахметжанов.
Еске сала кетейік, Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауов ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы "Өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану" бойынша күдікке ілініп, Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу сотының шешімі бойынша 2 ай мерзімге қамауға алынды.