Алматы облысында мектептен қайтып оралмаған екі оқушы іздестірілуде

Алматы облысында мектептен қайтып оралмаған екі оқушы іздестірілуде

Алматы облысында мектептен қайтып оралмаған екі оқушы іздестірілуде
ашық дереккөзі
21 қаңтар күні кешке Алматы облысы Ескелді аудандық полициясына Алдабергенов ауылында тұратын 2006 және 2008 жылы туған екі баланың мектепке кетіп, қайтып оралмағаны туралы өтініш түскен. Ару Бекберді және Талшын Қызырбай есімді екі оқушы бір тәуліктен бері табылмай жатыр. Полиция департаментінің хабарында: «Дабыл бойынша аудандық полицияның барлық жеке құрамы іздеуге шықты. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар, педагогтар мен еріктілер де іздестіруге жұмылдырылды. Кенттегі барлық қараусыз қалған үйлер, шатырлар, жертөлелер және жақын орналасқан елдімекендер тексеріліп жатыр. Талдықорған және Алматы қалаларында да іздестіру жұмысы ұйымдастырылды. Оларға ювеналды полиция инспекторлары, аудандық және облыстық полиция іздестіру бөлімдерінің жедел уәкілдері тартылды» делінген.