Физика пәнінен мұғалімі жоқ мектептің лицензиясы тоқтатылды

Физика пәнінен мұғалімі жоқ мектептің лицензиясы тоқтатылды

Физика пәнінен мұғалімі жоқ мектептің лицензиясы тоқтатылды
ашық дереккөзі
Ақтаудағы №6 мектептің 9-11 сынып оқушылары бір тоқсан бойы физика пәнін оқымаған. Ұлттық бірыңғай тестілеуді ойлап, баласының болашағына алаңдаған ата-аналар прокуратураға арызданды. 24.kz арнасының хабарлауынша, жоспардан тыс тексеріс жүргізген облыстық білім сапасын қамтамасыз ету департаменті арызда көрсетілген деректердің растығын анықтаған. Физика пәнінің мұғалімі болмағандықтан, оқушылар бұл сабақты өтпепті. Әкімшілік кодекстің 409-бабымен іс қозғалып, білім ошағына айыппұл салынды, мектеп лицензиясы 6 айға дейін тоқтатылды. «Бұл – мектеп жабылды, жұмысын тоқтатты деген сөз емес, оқу процесі жалғасып жатыр», – деді департамент басшысы. Облыстық білім саласының сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Есболат Өмірзақов: «Мектеп әкімшілігі жұмыс жүргізіп, сол кемшілікті жөндегеннен кейін лицензия күші қалпына келтіріледі. Қазір мектептен хат келді, физика пәнінің мұғалімі жұмысқа алынып, сабақ жүріп жатқандығын, өтпеген сабақтар қосымша кестеге қойылғанын айтып отыр. Ата-аналар алаңдамауына болады. Мектеп өзінің жұмысын ары қарай жалғастыра береді», – деді.