Көбіне 30-49 жастағы ер адамдар жоғалады – 11 мың адамға іздеу салынған

Көбіне 30-49 жастағы ер адамдар жоғалады – 11 мың адамға іздеу салынған

Көбіне 30-49 жастағы ер адамдар жоғалады – 11 мың адамға іздеу салынған
ашық дереккөзі
Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің хабарлауынша, хабар-ошарсыз жоғалған 2 247 адам іздестірілуде. «Қазіргі уақытта 11 133 адамға іздеу салынған, оның 2 247-сі хабар-ошарсыз жоғалғандар: Алматы қаласы (328), Шығыс Қазақстан (221), Алматы (309) және Қарағанды облыстарында (221). Көбіне түрлі жағдайда 30-49 жас аралығындағы ер адамдар (76%) жоғалады» делінген ресми хабарламада. Комитет мәліметінше, үйінен кетіп оралмағандар – 1723, автокөлікпен жоғалғандар – 74, жұмыстан соң жоғалып кеткендер – 36. «Сонымен қатар елімізде тергеуден және соттан жасырынған 2 453 адамға, яғни ең көбі алаяқтық (451), ұрлық жасау (270) және кісі өлтіргені (166) үшін Алматы қаласы (463), Алматы (245) және Шығыс Қазақстан облыстарында (203) іздеу салынған. Олар негізінен 31-40 жас аралығындағы ер адамдар (89%)» делінген комитет ақпаратында. Қазақстанда жоғалған азаматтарды құзырлы органдар бірлесіп іздейді.