Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындалды

21 қаңтар, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындалды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындалды, – деп жазды Ақорда. Әбілқайыр Сқақов 1974 жылы Павлодар облысында туған. Ақмола қаржы-экономикалық техникумын (салық бойынша қаржыгер, 1995 жыл), Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін (экономист және қаржыгер, 2000 жыл), Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (бакалавр-заңгер, 2004 жыл), М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін («Master of Business Administration» іскерлік әкімшілік шеберінің дәрежесі, 2017 жыл) бітірген. Еңбек өтілі: Мемлекеттік және ведомстволық наградалары: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Ерең еңбегі үшін» (2014); Салық қызметінің үздігі (2011), Қаржы қызметінің үздігі (2012), Мемлекеттік қызмет үздігі (2014).