Жаңалықтар

«Қазақ хандығына 550 жыл» атты мерекелік концерт өтеді

ашық дереккөзі

«Қазақ хандығына 550 жыл» атты мерекелік концерт өтеді

Қоғамдық қор ұйымдастырып отырған тегін концерт, Алматыдағы М.Әуезов театрда өтеді. Мерекелік кеште қазақ эстрадасына танымал Рамазан Стамғазиев, Жанболат пен Жазира, Мөлдір Әуелбекова бастаған әншілер және "Қоңыр" мен «Алашұлы» топтары өнер көрсетеді.

Мерекелік кеште "Қамшы" сайты ұйымдастырған шығармашылық бәйгенің қорытындысы жарияланып, жеңімпаздарға жүлде табысталмақ. Бәйгенің жүлде қоры 3 миллион теңге.

Бұдан бөлек, "Қамшы-Ақпарат" қоғамдық қоры бірқатар ұлт жанашырларын, қоғам қайтаркерлері мен белсенді азаматтарды қоғамдық қор атынан тағайындалған  «Қазақ хандығына 550 жыл» медалімен және алғыс хаттармен марапаттамақ. Олардың қатарында Түркі академиясының Президенті  Дархан Қыдырәлі, мәжіліс депутаты Нұртай Сәбильянов,  меценат Бауыржан Оспанов, әнші  Сәкен Майғазиев, бірнеше саясаттанушы, журналистер мен қоғам белсенділері бар.

"Түркістан-ақпарат"

Кеш 30 наурыз күні Алматыда 19:00 де басталады.