Германияда білімін жетілдіріп жүрген 8 магистрант оқудан шықты – мемлекет төлеген шығынды қайтарады

Германияда білімін жетілдіріп жүрген 8 магистрант оқудан шықты – мемлекет төлеген шығынды қайтарады

Германияда білімін жетілдіріп жүрген 8 магистрант оқудан шықты – мемлекет төлеген шығынды қайтарады
ашық дереккөзі
Германияда тағылымдамадан өтіп жатқан сегіз магистрант оқудан шығарылды, – деп хабарлады Сот төрелігі академиясының сайты. Германияда білімін жетілдіріп жүрген Сот төрелігі академиясы «Құқықтану» мамандығының 8 магистранты оқудан шығып қана қоймай, мемлекет төлеген шығындары мен шетелде тағылымдамадан өтуіне жұмсалған қаржыны қайтаратын болды. Академия ректоры Зәуреш Баймолдина қол қойған бұйрыққа сәйкес, аталған магистранттар «жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтамағаны» және «өз іс-әрекетімен және қылығымен қоғам тарапынан сынға жол беріп, басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесу және оларды болдырмау жөнінде шара қабылдамағаны» үшін оқудан қуылып отыр. Айта кетейік, 13 қаңтарда желіде шетелде тағылымдамадан өткен қазақстандық магистранттарға қатысты видео жариялаған еді. Қоғамда сынға іліккен видеодан соң, шетелде оқып жатқан магистранттарға қатысты шара қолданды. Жоғарғы соты жанындағы Сот төрелігі академиясында бұл магистранттарға қатысты видеоматериалды зерттеу мен тексеру бойынша комиссия құрылған болатын. «Тәртіп бұзушыларға тәртіптік жаза қолдану туралы мәселені шешуге тексеріс қорытындысы бойынша жасалған комиссия ұсыныстары негіз болады. Академия магистранттарының тәртіп бұзушылығы расталған және оларды оқудан шығару туралы шешім қабылданған жағдайда олардан оқу үшін мемлекет тарапынан жұмсалған барлық қаражат, осы шетелдегі тағылымдамамен байланысты бюджеттік шығындар өтеледі» делінген ресми хабарламада. https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=avVIPp0pYWo&feature=emb_logo