Димаш үш айда Еуропаның 11 қаласында концерт бермек
20 қаңтар, 2020 /
Асыл ТҰМАР
Димаш үш айда Еуропаның 11 қаласында концерт бермек
Димаш Құдайберген алдағы үш айдағы Еуропа елдерінде өтетін концертінің тізімін жариялады. «Arnau tour концертінде көріскенше», – деп жазды әнші өзінің instagram парақшасында.
Сонымен Димаш 16 ақпанда – Краснодарда (Ресей), 20 ақпанда –Қазанда (Татарстан, Ресей), 23 ақпанда – Екатеринбургта (Ресей), 7 наурызда – Ригада (Латвия), 9 наурызда – Мәскеуде (Ресей), 11 наурызда Киевте (Украина), 19 наурызда – Гамбургте (Германия), 21 наурызда – Дюсселдорфта (Германия), 23 наурызда – Штутгардта (Германия), 25 наурызда – Прагада (Чехия), 4 сәуірде – Минскте (Беларусь) жеке концертін өткізбек.