Үштөбеде шошқа өсіру кешені іске қосылды – биыл Қытайға өнім экспорттаймыз

Үштөбеде шошқа өсіру кешені іске қосылды – биыл Қытайға өнім экспорттаймыз

Үштөбеде шошқа өсіру кешені іске қосылды – биыл Қытайға өнім экспорттаймыз
ашық дереккөзі
Үштөбе қаласы маңындағы Көкпекті ауылында қаңырап қалған ферма орнында 1200 бастық жаңа шошқа өсіру кешені ашылды. Былтыр қыркүйек айында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қытай еліне шығарылатын шошқа экспортына қойылатын талаптар хаттамасына қол қойды. Жыл сайын Қытай елі 57 миллион тонна шошқа етін тұтынады, бұл әлемде өндірілетін шошқа етінің 52 пайызы. Бұл отандық өндірушілерге ауыл шаруашылығы өнімдерін үлкен нарыққа шығаруға мүмкіндік береді. Шошқа шаруашылығы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржыландыратын инвестициялық жобалардың негізгі бағыттарының бірі. Жаңа шошқа өсіру кешенін «Қаратал» селекциялық-гибридтік орталығы» компаниясы іске қосты. Кешен құрылысы Аграрлық несие корпорациясының қарыз қаражаты есебінен жүзеге асты. Бұл кәсіпорында 60-тан астам жұмыс орны құрылатын болады. Бүгінде шошқа кешеніне даттық Ландрас және Йоркшир тұқымды 312 бас ұрғашы шошқаның бірінші партиясы жеткізілді. Өндірістік қуаттылығы жылына – 13 мың тонна ет. Кәсіпорын ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге арналған өз жемшөбімен қамтамасыз етілген. Оны Польшадан әкелінген өнімділігі 8000 кг/сағ құрама жем кешені өңдейді. – Біз селекциялық-гибридтік орталық ретінде жұмыс істейміз, яғни ет және асыл тұқымды материал жүзеге асырылатын болады, – дейді «Қаратал» СГО» ЖШС қаржы директоры Әлия Сұлтанова – Мұндай шошқа ұрғашысының тұқымын Қазақстанға ешкім әкелген жоқ, тіпті Ресейде оның санын қолмен санауға болады. Осы бірегей жобаны іске асыруға негізгі қаржылық көмекті Аграрлық несие корпорациясы көрсетті. Кәсіпорында тұйық өндірістік циклы жолға қойылған, яғни жануарлардың ұрықтану кезінен бастап союға арналған тауарлық нысанға жету кешені қамтылған. Компания 2020 жылдың соңына қарай Қытайға өнім экспорттауды жоспарлап отыр. Инвестициялық жоба жылдық 8% сыйақы мөлшерлемесімен қаржыландырылады. 2019 жылы Аграрлық несие корпорациясының инвестициялық жобаларды қаржыландыру сомасы – 290 млрд теңге.