Алматы облысында заманауи жеміс қоймасы ашылды
Алматы облысында заманауи жеміс қоймасы ашылды
Шелек ауылы маңында қазіргі заман талаптарына сай жасақталған заманауи жеміс қоймасы жұмысын бастады. Алма мен өзге жемістерді сақтауға арналған тоңазытқыш қойма «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қолдауымен іске асырылды.
«Жоба еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігімен іске асырылатын АӨК дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асты. Жалпы сомасы – 6,5 миллиард теңге, оның 4,5 миллиардтан астамын Аграрлық несие корпорациясы ұсынды, қалған ақша – инвестордың өз қаражаты», – деп атап өтті «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Мұрат Дәрібаев.