Мақтааралдықтар қаңтарда қырыққабат егуді бастады

Мақтааралдықтар қаңтарда қырыққабат егуді бастады

Мақтааралдықтар қаңтарда қырыққабат егуді бастады
ашық дереккөзі
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының еңбекқор шаруалары қаңтардың қақ ортасында диқаншылықты бастап жіберді.  width= Ерте өнім беретін қырыққабат дақылын егу науқанына қазірдің өзінде 10-нан астам бригада қатысып, қызу жұмыстар жүруде. Егінді ерте бастаған серіктестіктің бірі – «Дүйсенбек» шаруа қожалығы. Серік Сәдуовтың басшылығындағы қожалықтың еншісінде 4,5 гектар жер бар, соның барлығына қырыққабат дақылы егіліп жатыр. Жалпы саны 60 адамнан құралған бригада қаңтардың әрбір күнін тиімді пайдаланып, жауын-шашынға қарамастан жұмыс істеуде. Өнім негізінен 2 айдың көлемінде пісіп жетіледі. Сондай-ақ, шаруа қырықабаттың 90 күнде жетілетін сортын да еккен. Мақтааралдық диқандар негізінен салмағы 1-1,5 келіден аспайтын қырыққабаттың пандион, ринда, фарао сұрыптарын отырғызуда. Ерте пісетін өнім түріне еуропалықтар мен ресейліктер тарапынан сұраныс көп. Қазірдің өзінде «Мақтарал» ауылдық округінде 50 гектардан астам жерге қырыққабат егілген.