Текеліде 4, Талдықорғанда 3 балдық жер сілкінісі тіркелді

Текеліде 4, Талдықорғанда 3 балдық жер сілкінісі тіркелді

Текеліде 4, Талдықорғанда 3 балдық жер сілкінісі тіркелді
ашық дереккөзі
Талдықорған мен Текелі қалаларының тұрғындары жер сілкінісін сезді. Бұл туралы Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Жер сілкінісі 20 қаңтар күні сағат 11:31-де сезілді. Жер дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік шығысқа қарай 231 шақырым қашықтықтағы, Текелі мен Руднечный елді мекендерінің арасында тіркелді. Айта кетейік, 19 қаңтар күні Алматы қаласының тұрғындары да 3-4 балдық жер сілкінісін сезінді. Оның ошағы Алматы қаласынан 370 шақырым қашықтықтағы, Қытай елінің аумағында тіркелді. Фото: taldykorgan-online.kz