Ұлыбритания патшайымы ханзада Гарри мен Меган Марклге қатысты жаңа тәртіпті бекітті

Ұлыбритания патшайымы ханзада Гарри мен Меган Марклге қатысты жаңа тәртіпті бекітті

Ұлыбритания патшайымы ханзада Гарри мен Меган Марклге қатысты жаңа тәртіпті бекітті
ашық дереккөзі
Корольдік отбасындағы өкілеттерінен бас тартқан Ұлыбритания ханзадасы Гарри мен оның жұбайы Меган Маркл бұдан былай патша әулетіне тән лауазымдарын пайдаланбайды және мемлекет қазынасынан ақша алмайды. Бұл туралы Букингем Сарайы мәлімдеді. Жаңа тәртіп биыл көктемнен бастап күшіне енбек. Осылайша патшайым Елизавета екіншінің әулеті қос жұптың өтінішін қанағаттандырды. Бірақ Гарри мен Меган Маркл «Сассекс герцогы және герцогинясы» деген атақтарын сақтап қалады. Айта кетейік, ханзада мен оның әйелі корольдік отбасындағы өкілеттерінен бас тартатыны туралы өткен аптада мәлімдеген. Олар бұл бастамаларын Елизавета екінші патшайымға қолдау білдіре отырып, Ұлыбритания мен Канада арасында дербес өмір сүруге ниетті екендіктерімен түсіндірген еді.