Қазақстанның бірқатар өңірінде жол жабылды

Қазақстанның бірқатар өңірінде жол жабылды

Қазақстанның бірқатар өңірінде жол жабылды
ашық дереккөзі
Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірлердегі автожолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  Ведомство мәліметінше, Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті жолының 16-200 (Нұр-Сұлтан-Павлодар обл. шекарасы) шақырымы, Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы жолының 105-123 (Шемонаиха-РФ шекарасы) шақырымы, Алматы-Өскемен жолының 967-1068 (Қалбатау-Қ.Қайсенов) шақырымы, Омбы-Майқапшағай жолының 910-1002 (Қалбатау-Көкпекті)(жүк және қоғамдық көліктерге шектеу қойылған) шақырымы, Өскемен-Риддер-РФ шекарасы жолының 15-105 (Белоусовка-Риддер) (жүк және қоғамдық көліктерге шектеу бар) шақырымы, Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы жолының 15-105 (Глубокое-Шемонаиха) (жүк және қоғамдық көліктерге де шектеу) шақырымы, Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті жолының 200-240 (Ақмола обл.шекарасы-Шидерті) шақырымы жабық. «Республикалық маңызы бар автожолдардағы қар тазарту жұмыстарына 690 техника жұмылдырылған. Барлық сұрақтарыңыз бойынша 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласуларыңызға болады», - деп атап өтеді министрліктен.