Сәрсенбі, 30 Қараша, 2022

Әлемдегі ең бай адам анықталды

Forbes журналы әлемдегі ең ауқатты адамның есімін жариялады. Ол Christian Dior, Louis Vuitton, Givenchy, Guerlain, Chaumet, Moët & Chandon және Hennessy сауда таңбаларымен сәнді бұйымдар, киімдер шығаратын LVMH холдингінің басшысы Бернар Арно. 

2019 жылдың маусымында Бернар Арноның дәулеті 100 миллиард доллардан асқан еді. Сол сәттен бастап LVMH 17 миллиард долларға тағы да байыды. Өткен жылдың екінші жартысында Арно бірнеше рет ең бай адам атанды. Алайда, дәулеті 115,6 миллиарда долларға бағаланатын Джефф Безос дәулеттілер рейтингінде алға шыққан еді. 

Amazon компаниясының курсы 0,7 пайызға түсіп кеткенде LVMH акциялары дәл сондай деңгейде өсті. Нәтижесінде миллиардерлер рейтингісінде бірінші орында тұрған Джефф Безостың жағдайы 760 миллиард долларға төмендеп, екінші орында тұрған Бернар Арноның дәулеті 1,9 миллиард долларға артты. Осылайша екі бизнесменнің тізімдегі орны ауысты. 

 

Байқау айқын
Байқау айқын
Back to top button