Мамандар Boeing 737 MAX ұшағынан тағы бір ақау тапты
Мамандар Boeing 737 MAX ұшағынан тағы бір ақау тапты
Екі ірі апаттан кейін ұшуы тоқтатылған Boeing 737 MAX лайнерінің бағдарламалық жүйесінен тағы да ақау шықты.
Ол техникалық тексеріс кезінде анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мәліметке қарағанда, борттағы 2 компьютер бір-бірімен байланыс орната алмаған. Бұл аталған ұшақтан табылған алғашқы ақау емес. Бұған дейін мамандар лайнердегі екі тоқтың өзара жақын орналасуынан шикілік тапқан болатын.
Еске сала кетейік, былтыр наурыз айында Эфиопияда Boeing 737 MAX ұшағы апатқа ұшырап, 157 адам көз жұмды. Осыдан кейін әлемде оны қолдану тоқтатылды. Тергеу барысында әуе көлігінің бағдарламалық жүйесінде ақау бары анықталды.