Киік атып алған "Охотзоопром" қызметкерлері ұсталды

Киік атып алған "Охотзоопром" қызметкерлері ұсталды

Киік атып алған "Охотзоопром" қызметкерлері ұсталды
ашық дереккөзі
Қармақшы ауданынан 15 шақырым жерде орналасқан "Тышқантам" деген жерде браконьерлер ұсталды, – деп хабарлайды Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметі. "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Қармақшы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары рейдтік тексеру барысында 16 қаңтар күні сағат 17.47 шамасында "Toyota Land Cruiser LX76" маркалы "Охотзоопром" РМҚК қызметтік автокөлігін тоқтатты. "Автокөліктерді сыртынан қарау кезінде артқы бамперде қан іздері байқалған соң полиция қызметкерлері жүк салғышты ашуды талап етті", – деп хабарлайды ЖП өкілдері. Өз кезегінде, автокөлік жүргізушісі және "Охотзоопром" ұйымының жанында отырған 2 қызметкері полиция қызметкерлерінің талаптарына бағынудан бас тартып, оқиға орнынан бой тасалаған. Бұдан әрі, полицейлер оларды "Охотзоопром" тұрағына дейін қуып барады. Автокөлікті тексеру барысында жүксалғышта киіктің тұтас еті, ал салонында "МН-22" маркалы тегіс ұңғылы қару мен прожектор табылды. Ұсталғандардың бірі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, ал қалғандарына қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2-бөлігінің 2,4-тармағы (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып заңсыз пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Айта кету керек, "Охотзоопром" Қазақстанда ақбөкендерді, тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін сақтау, қалпына келтіру және есепке алу бойынша жұмыстар мен қызметтерді жеткізуші болып белгіленген.