Халық сүйіктісі кім – 29 номинацияның лауреаты анықталды
Халық сүйіктісі кім – 29 номинацияның лауреаты анықталды
"Республика-Аймақ-Даму" қоғамдық қоры 9 жыл қатарынан "Халық сүйіктісі" ұлттық сыйлығын ұсынып келеді. Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Facebook пайдаланушылары өмірдің түрлі салаларында үздік жетістікке жеткен адамдарды таңдайды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 29 номинация бекітілді. 200-ден астам үміткер ұсынылды.
"Nur Otan" партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Динара Закиева "Жыл мойындауы" номинациясының лауреаты атанды.