Халық сүйіктісі кім – 29 номинацияның лауреаты анықталды

Халық сүйіктісі кім – 29 номинацияның лауреаты анықталды

Халық сүйіктісі кім – 29 номинацияның лауреаты анықталды
ашық дереккөзі
"Республика-Аймақ-Даму" қоғамдық қоры 9 жыл қатарынан "Халық сүйіктісі" ұлттық сыйлығын ұсынып келеді. Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Facebook пайдаланушылары өмірдің түрлі салаларында үздік жетістікке жеткен адамдарды таңдайды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 29 номинация бекітілді. 200-ден астам үміткер ұсынылды. "Nur Otan" партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Динара Закиева "Жыл мойындауы" номинациясының лауреаты атанды.  width= Д.Закиеваның басшылығымен 1300-ден астам білім беру, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау мекемелеріне 200-ден астам елді мекенге мониторинг жүргізілді. Нәтижелері бойынша балалардың құқықтары қорғалып, өмірі мен дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау шаралары қабылданды.