Мың теңге айналымнан шығады – Ұлттық банк

Мың теңге айналымнан шығады – Ұлттық банк

Мың теңге айналымнан шығады – Ұлттық банк
ашық дереккөзі
«Күлтегін» түркі жазуы ескерткішіне арналып 2013 жылы шығарылған 1000 теңгелік банкнота заңды төлем құралы болып табылады. «Оны төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылдауға міндет етілген. Банкноттар  табиғи тозуына байланысты айналымнан алынады», – деп хабарлады Ұлттық Банк. Мекеме бұл банкноттарды қабылдаудан бас тартқан ауылдық жердегі кәсіпкерлерге ҚР ӘҚБТК 206 бабы бойынша ескерту берілетінін мәлімдеді. Бір жыл ішінде оқиға қайталанған жағдайда 5-тен 25 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады. «Қабылдаудан бас тартқан жағдайда тиісті шаралар қабылдау үшін Ұлттық Банктің аймақтық филиалына жүгіну қажет. Банкнотаны қабылдаудан бас тартқан жағдайда бейнетүсірілім жүргізіп немесе жазбаша негіздемесін талап етуді ұсынамыз», – деп толықтырды ведомство.