Ең төменгі жалақы алатындар тізімінде тұрмыз

Ең төменгі жалақы алатындар тізімінде тұрмыз

Ең төменгі жалақы алатындар тізімінде тұрмыз
ашық дереккөзі
Picodi.com пор­талының мәліметінше, Қазақстан әлемдегі ең төменгі жалақы өсімі бойын­ша соңғы орында тұр. Бұл ұйым заң шы­ғарушы орган белгілеген әлемдегі ең төменгі жалақы мөлшері бар 54 мемлекетті зерттеген. Яғни ең төменгі жалақы бойынша жұ­мыс істейтін адамның қолына ала­тын ақша мөлшерін қарас­тыр­ған. Соның ішінде Қазақстан ең соңғы 54-орынға тұрақтады. Бі­ріншіден, елімізде биыл ең тө­менгі жалақы өзгеріссіз қалды. Бі­рақ қызмет­кердің қолына ала­тын ақшасы 1,1% төмендеді. Се­бебі осы жыл­дан бастап сақтан­дыру жарнасы қайтарылды. Осыған орай, бұл портал азық-тү­лік бағасын ең төменгі жала­қы­мен салыстыратын рейтинг жа­са­ды. Сонда бізде ең төменгі азық-түлік себетінің құны төменгі жа­ла­қының 58,7 пайызын құрады. Бұл дегеніміз – 22,2 мың теңге. Бір қызығы, дәл осындай себет был­тырғы жылдың осы кезеңінде ең төменгі жалақының 54,7 пайы­зы болған. Осыған қарап-ақ азық-түліктің өсімі жалақының ал­дына түскенін көрсетеді. Сон­дық­тан бұл жағынан Қазақстан 48-орында тұр. Биыл «2020-2022 жылдарға ар­налған республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес қазіргі ең төменгі жалақы мөлшерін 42,5 мың теңгені сақтауға шешім қа­был­даған. Алайда 2018 жылғы ол көрсеткіш 28,3 мың теңге болған. Әрине, сарапшылардың пі­кі­рін­ше, ең төменгі жалақыны есеп­теу әр елде әртүрлі болады. Оған қоса, әр елдің өз заңды­лық­т­ары бар. Мысалы, Филиппин мен Гон­конгта ең төменгі жала­қыға салық салынбайды. Ал басқа ел­дерде са­лық төлемей тұрып және төлеген­нен кейінгі жалақы­ның айырма­шылығы – жер мен көк­тей. Мәсе­лен, Румыниянікі 40 пайызға жетеді.