Алдағы үш күн бойы қар жауады

18 қаңтар, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Алдағы үш күн бойы қар жауады "Қазақстанның ауа райы күрт өзгеруі күтілмейді. Атлантикадан ауысатын атмосфералық фронттар республика аумағына жылы және ылғалды ауа массасын әкеледі", – дейді синоптиктер. Көптеген аймақта қар жауады. Республиканың солтүстігінде боран соғып, күшті жел тұрып, оңтүстікте тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда. Солтүстік жартысында ауа температурасы нормадан 3-8 градусқа жоғары болады,оңтүстік облыстарда нормаға жуық болады.