Қытай Қазақстанмен шекараны жауып тастамақ

Қытай Қазақстанмен шекараны жауып тастамақ

Қытай Қазақстанмен шекараны жауып тастамақ
ашық дереккөзі
Алдағы аптада Қытай Қазақстанмен арадағы шекарада орналасқан өткізу бекеттерін уақытша жауып тастайды.  Қытай халқының Жаңа жыл мейрамын атап өтуіне байланысты көрші ел Қазақстанмен шекараны уақытша жабады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында Қытай тарапынан 22 қаңтардан 2 ақпанға дейін шекара жабық болады. Қалған "Нұр жолы", "Қалжат" өткізу пунктері 24 қаңтар мен 26 қаңтар аралығында, үш күнге жабылады", - деп мәлімдеді Sputnik Қазақстанға ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметінен. Басқа өткізу пунктері бойынша Қытай тарапы әлі ақпарат бермеген. Биыл Қытайдың Жаңа жылы 25 қаңтарда аталып өтеді.