АҚШ сенаторлары Трамп импичментін қарастыруға кірісті

АҚШ сенаторлары Трамп импичментін қарастыруға кірісті

АҚШ сенаторлары Трамп импичментін қарастыруға кірісті
ашық дереккөзі
АҚШ Конгресінің жоғарғы палатасы Дональд Трампқа қатысты импичмент процесін ресми түрде қарастыруды бастады, деп хабарлайды «Хабар 24». Енді сенаторлар импичментке қатысты алғашқы отырысын қаңтардың 21-і күні өткізетін болды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Сенат Трампқа тағылған айыптардың нақты баптарын жариялады. Оған сәйкес Ақ үй басшысына өз лауазымын асыра пайдаланды және Конгрестің тергеу жұмысына кедергі жасады деген айып тағылды. Айта кетейік, жуырда Трампқа қарсы импичмент Сенатта дауысқа салынып, бекітілген болатын. Өкілдер палатасы президент Трампты айыптайтын конгресмендердің құрамын да бекітті.