Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Әсет Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қызметіне тағайындалды.
«Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалсын», – делінген Президент Жарлығында.