Павлодар облысы әкіміне қатысты қылмыстық іс қозғалды – ҰҚК

Павлодар облысы әкіміне қатысты қылмыстық іс қозғалды – ҰҚК

Павлодар облысы әкіміне қатысты қылмыстық іс қозғалды – ҰҚК
ашық дереккөзі
Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.  "Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылдың 15 қаңтарында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты лауазымдық уәкілеттіліктерін асыра пайдалану фактісі бойынша ҚР ҚК 362-бабының 2-бөлімі 3-тармағы бойынша тіркелген қылмыстық іске сәйкес жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді", - деп жазылған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайтында. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Осы уақытта басқа мәлімет тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды. 15 қаңтарда WhatsApp мессенджерінде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Аудиода әкімнің жиналыс үстінде ұсталғаны айтылған.