Вице-министр Абайдың 175 жылдығын тойлауға қанша қаражат жұмсалатынын айтты

Вице-министр Абайдың 175 жылдығын тойлауға қанша қаражат жұмсалатынын айтты

Вице-министр Абайдың 175 жылдығын тойлауға қанша қаражат жұмсалатынын айтты
ашық дереккөзі
Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған шараларға қанша қаражат жұмсалады? Бұл сауалға Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов жауап берді.  «Негізі, барлығы жылдық жоспар аясында өтеді. Осылайша, Абай бабамыздың 175 жылдығына арналған барлық шараларға 3 миллиардқа тарта ақша жұмсалады. Ол – жоспарлы қаражат. Мысалы, Абай атындағы опера театрының гастрольдік сапарларына бөлінетін қаржы болады. Олар сол қаржыны Абайдың мерейтойына арнап, Мәскеу, Түркия мен Қытайға барады. Басқа өнер ұжымдары да солай істеп отыр», - дейді Нұрғиса Дәуешов. Сондай-ақ, вице-министр мерейтой аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығын түрлендіру және ақын есімімен байланысты тарихи-мәдени мұра объектілеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу қарастырылғанын атап өтті. «Бұл жұмыстардың бәрі «Қазреставрация» ұйымына бөлінген қаражат есебінен жасалады. Мысалы, Абайдың Семей қаласындағы музейінің ішкі жөндеу жұмыстарына 30 млн теңге бөлінді», - дейді Нұрғиса Дәуешов. Ұлы Абай мерейтойының ресми салтанатты ашылу рәсімі 21 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.