Қалмұханбет Қасымов жаңа қызметке тағайындалды

Қалмұханбет Қасымов жаңа қызметке тағайындалды

Қалмұханбет Қасымов жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі
Қалмұханбет Қасымов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. «Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалсын», делінген Жарлықта. Бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қызметінен босатылған болатын.