Қашаған кен орны туралы мәлімет – Энергетика министрлігі БАҚ өкілдеріне қапалы
Қашаған кен орны туралы мәлімет – Энергетика министрлігі БАҚ өкілдеріне қапалы
«Қазіргі уақытта бұл жоба бойынша барлық мәселе қаралу сатысында, ешқандай уағдаластық және келісімшарт жасалған жоқ», – делінен хабарламада. Министрлік дерегінше, Ұлттық экономика (Қашаған ГӨЗ салу бойынша жұмыс тобы ҚР ҰЭ министрлігі жанынан құрылған – ред.) және Энергетика министрлігінің үйлестіруімен Қашаған газ өңдеу зауытын салуға дайындық қарқынды жүріп жатыр. Бұл жоба Қашаған кен орнынан 1 млрд текше метр шикі газ өңдеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, еліміз бағалы экспорттық ресурс – тауарлы газдың қосымша көлемін алып қана қоймай, сондай-ақ, Қашаған стратегиялық кен орнында мұнай өндірудің шектеуін алып тастамақ. Қашаған газ өңдеу зауытын салу жобасы шикі газды жағу мен кері айдау орнына қайта өңдеудің Ұлттық бағдарламасы аясында іске асырылады.