Зейнеткерлік жасы ұлғаймайды

15 қаңтар, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Зейнеткерлік жасы ұлғаймайды Франция билігі халықтың көп наразылығын туғызған зейнеткерлік жасын 62-ден 64-ке көбейтуден бас тартуға дайын. Бұл жайында премьер-министр Эдуард Филипп кәсіподақтарға жолдаған хатында мәлімдеді. 24.kz басылымының жазуынша, үкімет басшысы мәселені жан-жақты қарастыру үшін кәсіподақ өкілдерінен тұратын кеңес құруды ұсынған. Францияда өткен желтоқсан айынан бері үкіметтің зейнеткерлік реформасына қарсы ереуіл өтіп жатыр. Наразылық акциясы салдарынан қоғамдық көлік жұмысы бұзылған. Париж бен өзге де қалаларда ірі шеру өтіп, полициямен қақтығыстар болуда.