Жаңалықтар

Жүріп келе жатқан автобус жер астына түсіп кетті

Жүріп келе жатқан автобус жер астына түсіп кетті

Қытайда автобус опырылған жерге түсіп кеткен.Оқиға салдарынан алты адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости басылымына сілтеме жасап.Оқиға 13 қаңтарда кешкі уақытта Қытайдың солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясының Синин қаласындағы Қызыл Крест ауруханасының маңында болған. Оқиға орнында түсірілген видео желіде жарияланды. Онда автобустың аялдамада тоқтап жатып, әп-сәтті асфальт опырылып, шұңқырға түсіп кеткенін көруге болады. Бастапқыда 15 адамның ауруханаға түскені және 10 адамның із-түзсіз жоғалып кеткені айтылған.Қазіргі уақытта құтқарушылар алты адамның мәйітін тапқан. Іздеу-құтқару шаралары жалғасатын болады. Опырылудың себебі тексеріліп жатыр.