Жүрегі ұстап қалған: Алматыда жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші көз жұмды

Жүрегі ұстап қалған: Алматыда жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші көз жұмды

Жүрегі ұстап қалған: Алматыда жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші көз жұмды
ашық дереккөзі

Алматыда көлік жүргізушісі қаладағы ықшамаудандардың біріндегі көпқабатты тұрғын үйдің ауласында жаяу жүргіншіні қағып кетіп, денсаулығына байланысты көз жұмды. 

Апат бүгін, таңғы 11 шамасында Абай мен Алтынсарин көшелерінің қиылысындағы үйлердің ауласында болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Куәгерлердің сөзінше, Volkswagen көлігінің 1959 жылғы жүргізушісінің ауладан шығып бара жатқан кезде жүрегі ұстап қалған. Салдарынан ер адам темір тұлпарды тізгіндей алмай, жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Соңынан көлік ұшып барып, ағашқа соғылды.

Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем қызметі түрлі жарақат алған жәбірленушіні ауруханаға алып кеткен. Ал көлік жүргізушісіне көмектесу мүмкін болмады. Ол оқиға орнында қайтыс болған.

"Оқиға фактісі тіркелді. Апаттың салдарын анықтайтын бірнеше сараптама тағайындалды. Көлікті тізгендеу кезінде жүргізушінің денсаулығы нашарлады деген нұсқа да тексеріледі", - деп хабарлады Алматы ПД-нің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға.