14 Қаңтар 2020, 09:58 814 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Жаңа зауыт құрылысы талқыланды – Көлгінов 200 адамды жұмыспен қамтуға уәде берді

Нұр-сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Оңтүстік Кореяға жұмыс сапары аясында Hyosung Heavy Industries компаниясының басшылығымен келіссөз жүргізді.

Елордада Alageum Electric компаниясымен бірлескен кәсіпорын құру ісі, атап айтқанда, жоғары вольтты электротехникалық жабдықтар шығаратын зауыт құрылысы талқыланды.

Көлгінов заманауи технологиялы, жаңғыртылған элегаз оқшауламасы бар тарату құрылғылары ірі қалаларда орнатылатынын және шектеулі кеңістіктерде қауіпсіз әрі тұрақты электр қуатын қамтамасыз ету бойынша жаңа қалалардың сұранысын қанағаттандыратынын атап өтті.

Оның айтуынша, жоба 200-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

"Отандық нарықтың өнімдерін өзге елдерге экспорттау жоспарлануда. Hyosung Corporation компаниясы Оңтүстік Кореяның ірі холдингтерінің бірі. Ол электротехникалық жабдықтарды өндіруге, сондай-ақ химия, тоқыма және мұнай-химия өнеркәсібіне маманданған. Негізгі қызмет түрі – генераторлар мен өнеркәсіптік жабдықтар, трансформаторлар және тарату жабдықтарын өндіру және сату", – дейді әкім.

Соңғы жаңалықтар