Бүгін жел күшейіп, тұман басады
Бүгін жел күшейіп, тұман басады
"Қазгидромет" мамандарының айтуынша, фронталды бөлімдер республиканың басым бөлігіне әлі де өз әсерін тигізеді. Сәйкесінше, 14 қаңтарда қар жауады, батыста жауын-шашын болады.
Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, көктайғақ, қарлы боран болады.
Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады, жел 15-20, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
Ақмола облысында боран соғып, түнде кей жерлерде тұман, түнде кей жерлерде жел тұрады, күндіз 15-20, кей жерлерде секундына 23-28 метрге дейін күшейеді.
Қостанай облысында да боран соғып, жел 15-20, екпіні 23 метрге жетеді, кей жерлерде тұман болады.
Атырау, Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады, күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Қызылорда, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады , күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, қарлы боран болады, түнде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды облысында кей жерлерде боран соғып, тұман түсіп, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде борн соғады, жел секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан және Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын соғады, күндіз жел секундына 15-20 метрге жетеді.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде боран соғады, жел секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматы облысында тұман, көктайғақ болады.