13 Қаңтар, 19:41 312 0 Заң Анар ЛЕПЕСОВА

Әблязовтің басты сыбайласы АҚШ-та сотталып жатыр

Мұхтар Әблязовтің сыбайласы Александр Удовенко АҚШ-та сотталып жатыр.

Бұл туралы EU Reporter басылымына сілтеме жасап Sputniknews.kz хабарлады.

Александр Удовенко осыған дейін Вашингтон қаласының маңында ұсталған болатын. 2009 жылы ресейлік кәсіпкер Лондоннан қашып кеткен. Кейін одан хабар-ошар болмаған.

Басылым таратқан ақпарат сәйкес, Удовенко Лондонда Әблязов мүддесін қорғап, оффшорлық компания арқылы "БТА Банкінен" миллиардтаған қаржыны жеке есепшоттарға аударуға көмектескен. Кейін ресейлік кәсіпкер АҚШ-қа қоныс аударған. Бұдан соң Мэриленд штатындағы Бетесда елдімекенінде "инвестициялық кеңесші" болып еңбек етіпті.

Басылым Александр Удовенконы "Мұхтар Әблязовтың басты серіктесі" болғанын хабарлайды. Соттың арыздарында ол "ұрланған ақшаларды аударуға мүмкіндік беретін жүздеген оффшорлық компанияның иесі және әкімшісі" ретінде көрсетілген.

 

Соңғы жаңалықтар