Өткен жылы елімізде 320 мың тұрғын үй сату мәмілесі жасалған

Өткен жылы елімізде 320 мың тұрғын үй сату мәмілесі жасалған

Өткен жылы елімізде 320 мың тұрғын үй сату мәмілесі жасалған
ашық дереккөзі
2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда 320 012 тұрғын үйді сатып алу, сату мәмілесі жасалған. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитеті хабарлады.  2019 жылғы желтоқсанда 27 743 тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілесі тіркеліп, қараша айымен салыстырғанда 6,9 пайызға артты. Бұл ретте Алматы (1 153), Түркістан (659) және Шығыс Қазақстан облыстарында (594) жеке тұрғын үйлердің сауда-саттығы жоғары болды. Ал көппәтерлі үйлердегі ең көп баспана саудасы Алматы (4 991), Нұр-Сұлтан қалалары (3 255) мен Қарағанды (2 504) облысында тіркелді. Жалпы, 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 2018 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 21 пайызға өсті.