АҚШ пен Қытай сауда соғысын аяқтамақ

АҚШ пен Қытай сауда соғысын аяқтамақ

АҚШ пен Қытай сауда соғысын аяқтамақ
ашық дереккөзі
Осы аптада АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысына нүкте қойылуы мүмкін.  Сәрсенбі күні тараптар бірқатар сауда келісіміне қол қояды, деп хабарлайды «Хабар 24». Өткен аптада Қытай тарапы америкалық санкцияларды айналып өтуге мүмкіндік беретін бірнеше келісімге қол жеткізгенін растады. Осы аптада Қытай мен АҚШ арасындағы сауда келісімінің бірінші фазасы аяқталады. Елдің вице-премьері Лю Хэ бастаған Қытай делегациясы бүгін Вишингтонға барады. Ресми сапар үш күнге жоспарланған. Дональд Трамптың Twitter-дегі хабарамасына сай 15 қаңтарда құжатқа қол қойылады. Бұл кездесу бүкіл әлем назарында болмақ. Себебі, аталмыш құжат дүние жүзіндегі ең ірі экономикалық текетіресіке нүкте қоюы мүмкін. Еске салсақ, желтоқсан айында АҚШ Қытайдан импортталатын жалпы құны 156 миллиард долларды құрайтын тауарларға баж салығын кейінге қалдырды. Ал алдағы келісім нәтижесінде АҚШ баж салығын екі есе төмендетеді деп күтілуде. Өз кезегінде Пекин АҚШ-тан ауылшаруашылығы техникасы мен өзге де өнімдер импортын ұлғайтуға келісті.