12 Қаңтар, 19:07 443 0 Денсаулық Анар ЛЕПЕСОВА

Батарея жұтып көз жұмған атыраулық баланың өліміне қатысты тергеу басталды

Атырауда батарея жұтып көз жұмған бала ағзасындағы бөгде затпен 5 күн бойы жүрген. Бұл туралы«Прикаспийская коммуна» порталы хабарлады. 

Баланың батарея жұтқан күйі бес күн жүргені белгілі болды. 22 желтоқсан күні Атырау облыстық балалар ауруханасына батарея жұтып қойды деген күдікпен бала келіп түскен. Рентген жасалған кезде ішінде бөгде зат бары белгілі болды. Алайда дәрігер оны тексерген соң, ертесінде қайтып әкелуді сұраған. Ертесінде баланы кезекші хирург қарап, балалар дәрігеріне бағыттайды.

«Алайда ата-анасы балаларын бұл дәрігерге қаратпай алып кетеді. Араға үш күн салып олар баланы қайтадан ауруханаға алып келіп, хирургия бөліміне жатқызылды. Сол күні наркоздың көмегімен, эндоскопиялық жолмен затты денеден шығармақ болады. Алайда оның көлемі үлкен болғандықтан, дәрігерлер оны алып шыға алмады», - деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.

27 желтоқсан күні отаны штаттан тыс шақырылған дәрігер жасады. Алайда бұл да көмектеспей, ол көз жұмды. Дәл қазір аталған фактіге сәйкес, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тэгтер бала өлімі

Соңғы жаңалықтар