12 Қаңтар, 11:09 288 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Қасым-Жомарт Тоқаев: Иран билігінің өз кінәсін мойындауы – маңызды шешім

Иран билігінің әуе апатына байланысты өз кінәсін мойындауы маңызды шешім болды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды. 

«Иран билігінің бірқатар мемлекет азаматтарының өмірін қиған әуе апаты үшін өз кінәсін мойындауы - маңызды шешім болды. Бейбіт азаматтарды да құрбан қылатын шиеленісті бәсеңдету үшін, қалыптасып отырған жағдайда барлық тараптар ұстамдылық танытуы керек»,-деп жазды Мемлекет басшысы.

 

 

Соңғы жаңалықтар