Жаңалықтар

Ирандағы ұшақ апаты: Зеленский ресми Тегераннан не талап ететінін айтты

ашық дереккөзі

Ирандағы ұшақ апаты: Зеленский ресми Тегераннан не талап ететінін айтты

Украина басшысы Владимир Зеленский Иран басшысының мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.    «Бүгінгі таң жайсыз басталғанымен, шындықтың беті ашылды», деп жазды Зеленский Facebook-тегі парақшасына.  Украина президенті Иранның өз кінәсін толық мойындап,  ресми түрде кешірім сұрауын қалайтынын айтты. Сондай-ақ, апатқа кінәлілердің жазалануын, тергеудің ашық жүргізілуін және қаза тапқан жолаушылардың отбасына өтемақы төленуін талап етті.