Белгілі американдық инсайдер The Athletic Майк Коппинджер бір жанкүйердің Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО) арасындағы трилогия туралы сұрағына «Бұл жекпе-жектің боларынан үміттімін, күзде болып қалар» деп жауап берді.
Бұған дейін промоутер Эдди Хирн қыркүйекте үшінші кездесу өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, бірінші жекпе-жек төрешілердің даулы шешімімен тең аяқталып, екінші кездесуде Альварес қазылардың көпшілік дауысымен жеңіске жеткен еді.