Еліміздің 7 өңірінде ауа сапасы нашарлайды
Еліміздің 7 өңірінде ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» РМК таратқан мәлімет бойынша, 2020 жылдың 11 қаңтарында Қарағанды, Ақтөбе, Талдықорған, Семей, Өскемен, Теміртау және Нұр-Сұлтан қалаларында ауа сапасы нашарлайды, яғни ауа ластанады.
Қазақстанның өзге қалаларындағы ауа сапасы бірқалыпты. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.