Заңсыз аңшылықпен айналысатындар көп – киікті сойып алған күдікті ұсталды

Заңсыз аңшылықпен айналысатындар көп – киікті сойып алған күдікті ұсталды

Заңсыз аңшылықпен айналысатындар көп – киікті сойып алған күдікті ұсталды
ашық дереккөзі
Ақтөбеде ұйымдастырылған «Браконьер» жедел алдын алу шарасы кезінді киіктің лағын сойып алған күдікті ұсталды, – деп жазды ҚазАқпарат. 6-қаңтар мен 5-ақпан аралығында өңірде «Браконьер» шарасы өтуде. Үш күнде 100-ге жуық табиғатты қорғау заңдылығын бұзу дерегі анықталған: 27-і заңсыз балық аулау, 53-і жануарлар дүниесі мен аңшылық талабын бұзумен байланысты. «2-қаңтар күні Ырғыз аудандық полиция бөліміне «Охотзоопром» мекемесі инспекторларынан хабарлама түсті. «Атанши» қыстағы маңында киік лағының өлексесі табылды, мүйізін кесіп алған. Іздеу жұмыстары кезінде 45 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны ұсталды. Оның көлігінен киік терісі табылды», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Заңсыз аңшылық» бабымен тергеу басталды.