Бірқатар аймақта қар жауып, тұман түседі
11 қаңтар, 2020 /
Асыл ТҰМАР
Бірқатар аймақта қар жауып, тұман түседі
Бүгін еліміздің бірқатар аймағында қар жауады, – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
"Алдағы тәулікте ауа райы айтарлықтай өзгеріске ұшырамайды. Фронтальды бөлімдер бұрынғыша республиканың басым бөлігінде өз әсерін сақтайды, осыған байланысты кей жерлерде жауын-шашын (көбінесе қар) күтілуде. Республика бойынша тұман түсіп, оңтүстік және оңтүстік-батыста көктайғақ болады, Жамбыл облысында боран соғады", – делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы – секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде -17 -19, күндіз -10 -12.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде -5 -7, күндіз 0-ге жуық.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кейде тұман. Солтүстік-батыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0, -2, күндіз +4 +6.
Алматы облысында Алакөл көлінің маңында секундына 15-20 метр жел соғады, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -1 +4, түнде -3 -8.
Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады. Күндіз +2 +7, түнде -3 -8.
Түркістан облысында күндіз кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауып, түнде тауларда аздаған жаңбыр жауады, қар жаууы мүмкін, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр. Күндіз +2 +7, түнде -3 +2.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Күндіз -2 +3, түнде -2 -7.
Атырау облысында күндіз аздаған қар, түнде қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады. Күндіз 0 -5, түнде -5 -10.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар жауып, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -9 -14, түнде -14 -19.
Ақмола облысында кей жерлерде аздаған қар, кей жерлерде тұман. Күндіз -7 -12, түнде -14 -19.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде қар жауып, тұман түседі. Күндіз -1 -6, түнде -5 -10.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар, кей жерлерде тұман. Күндіз 0 -5 ( оңтүстігінде +3), түнде -10 -15.
Қостанай облысының кей жерлерінде қар жауып, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -10 -15, түнде -15 -20.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз -10 -15, түнде -18 -23.
Қарағанды облысында күндіз аздаған қар жауып, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -9 -14, түнде-15 -20 (оңтүстігінде -10).
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз -5 -10, түнде -22 -27.
Ақтөбе облысында кей жерлерде қар жауады. Күндіз -5 -10, түнде -15 -20.