Бірқатар аймақта қар жауып, тұман түседі

Бірқатар аймақта қар жауып, тұман түседі

Бірқатар аймақта қар жауып, тұман түседі
ашық дереккөзі
Бүгін еліміздің бірқатар аймағында қар жауады, – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК. "Алдағы тәулікте ауа райы айтарлықтай өзгеріске ұшырамайды. Фронтальды бөлімдер бұрынғыша республиканың басым бөлігінде өз әсерін сақтайды, осыған байланысты кей жерлерде жауын-шашын (көбінесе қар) күтілуде. Республика бойынша тұман түсіп, оңтүстік және оңтүстік-батыста көктайғақ болады, Жамбыл облысында боран соғады", – делінген хабарламада. Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы – секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде -17 -19, күндіз -10 -12. Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде -5 -7, күндіз 0-ге жуық. Шымкентте көшпелі бұлт шығады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кейде тұман. Солтүстік-батыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0, -2, күндіз +4 +6. Алматы облысында Алакөл көлінің маңында секундына 15-20 метр жел соғады, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -1 +4, түнде -3 -8. Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады. Күндіз +2 +7, түнде -3 -8. Түркістан облысында күндіз кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауып, түнде тауларда аздаған жаңбыр жауады, қар жаууы мүмкін, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр. Күндіз +2 +7, түнде -3 +2. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Күндіз -2 +3, түнде -2 -7. Атырау облысында күндіз аздаған қар, түнде қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады. Күндіз 0 -5, түнде -5 -10. Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар жауып, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -9 -14, түнде -14 -19. Ақмола облысында кей жерлерде аздаған қар, кей жерлерде тұман. Күндіз -7 -12, түнде -14 -19. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде қар жауып, тұман түседі. Күндіз -1 -6, түнде -5 -10. Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар, кей жерлерде тұман. Күндіз 0 -5 ( оңтүстігінде +3), түнде -10 -15. Қостанай облысының кей жерлерінде қар жауып, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -10 -15, түнде -15 -20. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз -10 -15, түнде -18 -23. Қарағанды облысында күндіз аздаған қар жауып, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -9 -14, түнде-15 -20 (оңтүстігінде -10). Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз -5 -10, түнде -22 -27. Ақтөбе облысында кей жерлерде қар жауады. Күндіз -5 -10, түнде -15 -20.