Головкин бұл жекпе-жекте IBF титулын қорғайды

Головкин бұл жекпе-жекте IBF титулын қорғайды

Головкин бұл жекпе-жекте IBF титулын қорғайды
ашық дереккөзі
Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 КО) арасындағы жекпе-жектің мән-жайы келісілді, – деп хабарлайды Vesti.kz. Портал мәліметінше, жекпе-жек туралы мәлімет таяуда ресми жария етіледі. Еске салайық, GGG бұл жекпе-жекте IBF титулын қорғайды. Әйтсе де, жекпе-жектің өтетін күні ретінде түрлі уақыт айтылуда. Бір деректе ол 29 ақпан делінсе, кейбір ақпарат көздері 28 наурыз деп көрсетуде. Тіпті Головкин рингке тек сәуір не мамырда оралады деген ақпарат та тарап жатыр. Ал кездесу өтетін орын ретінде поляктардың ең үлкен диаспорасы шоғырланған Чикаго таңдалды.