«Сергектен» түскен қаржы қайда кетеді?

«Сергектен» түскен қаржы қайда кетеді?

«Сергектен» түскен қаржы қайда кетеді?
ашық дереккөзі
Алматы полициясы «Сергек» камерасына тіркелген жол ережесін бұзу, құқықбұзушылыққа төленетін айыппұл қайда кетіп жатқанын айтты, — деп хабарлайды «ҚазАқпарат». «Былтырдан бері «Сергек» жүйесін сынақтан өткізіп келеміз. Бұл кешенді қала тұрғындарының сұранысына қарай апат көп болатын жерлерде орнаттық. Камералар ең алдымен жол апатының санын азайту үшін, содан соң жол апатына байланысты қылмыстарды ашу үшін орнатылды», – деді қалалық Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев. Оның айтуынша, «Сергектен» түскен айыппұл қаржысы қала бюджетіне түседі. «Бірнеше күн бойы маған «сергек тіркеген қаражаттың барлығы қайда кетеді?» деген сауал келуде. Барлық әкімшілік айыппұл 1 теңгесіне дейін мемлекеттік бюджетке түседі», – деді ол. Алматыда 1 қаңтардан бері «Сергек» жүйесінің 400 камерасы бірден іске қосылды. 10 күн ішінде камералар 2,5 мың жол ережесін бұзу дерегін тіркеп, 42 млн теңгеге айыппұл салынған.