Балаларды алдап, пәтер тонап жүрген әйел ұсталды

Балаларды алдап, пәтер тонап жүрген әйел ұсталды

Балаларды алдап, пәтер тонап жүрген әйел ұсталды
ашық дереккөзі
Павлодар облысының тұрғыны Нұр-Сұлтанда балаларды алдап, пәтер тонаумен айналысқан, – деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 50 жастағы әйел балалы пәтерлерді арнайы іздеп-тауып, есігін қағып, ата-анасының досымын деп танысып, үйге еніп, құнды заттарды ұрлап жүрген. "8 қаңтарда Нұр-Сұлтан қалалық департамент қызметкерлері күдіктіні ұстады. Бұл әйел осыған ұқсас ұрлық қылмысымен бірнеше рет ұсталған. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сот алды тергеу жүріп жатыр", – делінген хабарламада. Полицейлер күдіктінің алаяқтығынан зардап шеккен тұрғындарды  8 (7172) 71-60-28, 71-60-69, 102 телефоны арқылы хабарласуды сұрады.